https://sputnik.kz/20260112/qazaqstan-chempionatynda-zhappay-tobeles-boldy-60336206.html
Қазақстан чемпионатында жаппай төбелес болды
Қазақстан чемпионатында жаппай төбелес болды
Sputnik Қазақстан
Жақын арада бұл оқиға Қазақстанның футзал қауымдастығының отырысында қаралады 12.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-12T16:42+0500
2026-01-12T16:42+0500
2026-01-12T17:19+0500
футзал
төбелес
жасөспірім
https://sputnik.kz/img/07e5/09/17/18217325_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_c058d20fd18dd3fd13ceb67127c4ca04.jpg
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Рудный қаласында футзалдан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты кезінде жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бұл оқиға 10 қаңтарда болған. Рудныйдағы "AYAT FUTSAL ARENA" спорт кешенінде Оралдың "Бәйтерек" пен Жаңаөзен қаласының "БЖСМ-2" командалары кездескен. Батыстан келген жасөспірімдер 2:1 есебімен жеңді. Сол кезде ұтылған команданың бір ойыншысы қарсыласын бір ұрған. Содан жаппай төбелес басталып кетті. Жаңаөзендіктерге Маңғыстаудан келген "Ақшұқыр" командасының ойыншылары қосылды.Әлеуметтік желіде тараған видеода бірнеше адамның бір балаға жабылғанын анық көруге болады. Ал ең соңында бәрі жан-жаққа тарай бастағанда қызыл жейде киген футболшының қарсыласын артынан теуіп жіберген.Жақын арада бұл оқиға Қазақстанның футзал қауымдастығының отырысында қаралады. Ал тәртіптік және этикалық комитет өз шешімін шығарады.Қостанай облыстық полициясы чемпионатта болған жанжалдан кейін арыз-шағым түспегенін хабарлады. Медициналық мекемелерден де дене жарақаттарын алу фактілері туралы хабарламалар түспеген.Дегенмен төбелеске қатысушыларға қатысты тәртіптік шара қолдану мәселесі жарысты ұйымдастырушылар тарапынан белгіленген тәртіппен қаралып жатыр.
https://sputnik.kz/20250923/futzaldan-europa-chempionatyna-zholdama-qazaqstan-italiya-komandasyna-zhenilip-qaldy-57315824.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/17/18217325_125:0:2856:2048_1920x0_80_0_0_2eeffe3d4e2046edc1a43a63488932dd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
футзал, төбелес, жасөспірім
футзал, төбелес, жасөспірім
Қазақстан чемпионатында жаппай төбелес болды
16:42 12.01.2026 (жаңартылды: 17:19 12.01.2026) Жақын арада бұл оқиға Қазақстанның футзал қауымдастығының отырысында қаралады
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Рудный қаласында футзалдан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты кезінде жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл оқиға 10 қаңтарда болған. Рудныйдағы "AYAT FUTSAL ARENA" спорт кешенінде Оралдың "Бәйтерек" пен Жаңаөзен қаласының "БЖСМ-2" командалары кездескен. Батыстан келген жасөспірімдер 2:1 есебімен жеңді. Сол кезде ұтылған команданың бір ойыншысы қарсыласын бір ұрған. Содан жаппай төбелес басталып кетті. Жаңаөзендіктерге Маңғыстаудан келген "Ақшұқыр" командасының ойыншылары қосылды.
Әлеуметтік желіде тараған видеода бірнеше адамның бір балаға жабылғанын анық көруге болады. Ал ең соңында бәрі жан-жаққа тарай бастағанда қызыл жейде киген футболшының қарсыласын артынан теуіп жіберген.
Жақын арада бұл оқиға Қазақстанның футзал қауымдастығының отырысында қаралады. Ал тәртіптік және этикалық комитет өз шешімін шығарады.
Қостанай облыстық полициясы чемпионатта болған жанжалдан кейін арыз-шағым түспегенін хабарлады. Медициналық мекемелерден де дене жарақаттарын алу фактілері туралы хабарламалар түспеген.
"Аталған жағдай спорт нысаны қызметкерлерінің тарапынан жедел түрде тоқтатылып, төбелестің өршуіне жол берілген жоқ. Жарысты өткізу кезеңінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерін тарту туралы ақпарат полиция департаментіне түспеген", - дейді полицейлер.
Дегенмен төбелеске қатысушыларға қатысты тәртіптік шара қолдану мәселесі жарысты ұйымдастырушылар тарапынан белгіленген тәртіппен қаралып жатыр.