Отбасылық омбудсмен институты құрылды

© Photo : АкордаКасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2026
Жазылу
Омбудсмен Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары ретінде жұмыс істейді
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институтын құру туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақордада.
Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институты Қазақстан Республикасында адам құқықтарын қорғауды күшейту, отбасы институтын нығайту және мемлекеттік отбасылық саясатты жетілдіру мақсатында құрылып отыр.
Бұған дейін президент бұл лауазымға Снежанна Имашеваны тағайындағаны хабарланған болатын.
"Уәкіл өз қызметін Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрамында төрағаның орынбасары ретінде қоғамдық негізде жүзеге асырады", - деп жазылған жарлықта.
Құжатта сондай-ақ уәкілдің негізгі мақсаттары отбасы құқықтары мен мүдделерін қорғауды күшейту, отбасы институтын және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды нығайту, мемлекеттік отбасылық және демографиялық саясатты жетілдіру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ қазақстандық отбасылардың әл-ауқатына жәрдемдесу екені айтылған.
Малыш на плечах у взрослого, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2024
Буллинг және зорлық-зомбылық: Қазақстанда балалардың құқығы қалай қорғалады
Жаңалықтар
0