https://sputnik.kz/20260317/balalarmen-zhumys-isteytin-mamandardyn-zhalaqysy-30-protsentke-osedi-61948702.html
Балалармен жұмыс істейтін мамандардың жалақысы 30 процентке өседі
Балалармен жұмыс істейтін мамандардың жалақысы 30 процентке өседі
Sputnik Қазақстан
Қазіргі сметалық қаржыландыру жүйесінде бір спортшыға жылына орта есеппен 233 мың теңге бөлінеді 17.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-17T13:14+0500
2026-03-17T13:14+0500
2026-03-17T13:14+0500
бала
футбол
жалақы
https://sputnik.kz/img/631/75/6317565_0:160:3074:1889_1920x0_80_0_0_a7e41fcf91e5aeea259525612c746656.jpg
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде жұмыс істейтін жаттықтырушылардың жалақысы 30 процентке өседі. Президент тиісті заңға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан туризм және спорт министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.Заңға сәйкес, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жан басына қарай қаржыландыру жүйесіне көшіріледі. Соның есебінен жаттықтырушы-оқытушыларының еңбекақысын арттыруға мүмкіндік болады. Мәселен, қазіргі сметалық қаржыландыру жүйесінде бір спортшыға жылына орта есеппен 233 мың теңге бөлінеді. Ал жаңа жүйемен бұл көрсеткіш 415 мың теңгеге дейін артады.Қазіргі кезде республика бойынша 526 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі бар. Онда 15 мыңнан астам жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істейді. Алдағы үш жылға 74 млрд теңге қарастырылған. Соның 1,8 млрд теңгесі жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысын көтеруге жұмсалады. Қалған қаражат БЖСМ-дердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, балалардың жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарына қатысуына, фармакологиялық қамтамасыз етуге, спорттық киім-кешек пен жабдықтар сатып алуға арналған.Айта кетері, балалар спорт мектептеріне 5 жастан бастап қабылданады. Қазіргі кезде ондай мектептерде 398 342 адам бар.
https://sputnik.kz/20260108/2026-zhyly-zhedel-zhardem-qyzmetkerlerinin-zhalaqysy-osedi-60227586.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/631/75/6317565_172:0:2903:2048_1920x0_80_0_0_f3ba49280ce92e9d7fbbb06f27c901a3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бала, футбол, жалақы
Балалармен жұмыс істейтін мамандардың жалақысы 30 процентке өседі
Қазіргі сметалық қаржыландыру жүйесінде бір спортшыға жылына орта есеппен 233 мың теңге бөлінеді
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде жұмыс істейтін жаттықтырушылардың жалақысы 30 процентке өседі. Президент тиісті заңға қол қойды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан туризм және спорт министрлігінің ресми
сайтына сілтеме жасап.
Заңға сәйкес, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жан басына қарай қаржыландыру жүйесіне көшіріледі. Соның есебінен жаттықтырушы-оқытушыларының еңбекақысын арттыруға мүмкіндік болады. Мәселен, қазіргі сметалық қаржыландыру жүйесінде бір спортшыға жылына орта есеппен 233 мың теңге бөлінеді. Ал жаңа жүйемен бұл көрсеткіш 415 мың теңгеге дейін артады.
"Атап айтқанда, жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысы лауазымдық жалақының 30 проценті мөлшерінде өседі. Қосымша төлем біліктілік тестілеуінен өткен және даярлықтың ұлттық стандарттарына сәйкес оқу-жаттығу үдерісін жүргізетін жаттықтырушы-оқытушыларға беріледі", - дейді министрлік мамандары.
Қазіргі кезде республика бойынша 526 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі бар. Онда 15 мыңнан астам жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істейді. Алдағы үш жылға 74 млрд теңге қарастырылған. Соның 1,8 млрд теңгесі жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысын көтеруге жұмсалады. Қалған қаражат БЖСМ-дердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, балалардың жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарына қатысуына, фармакологиялық қамтамасыз етуге, спорттық киім-кешек пен жабдықтар сатып алуға арналған.
Айта кетері, балалар спорт мектептеріне 5 жастан бастап қабылданады. Қазіргі кезде ондай мектептерде 398 342 адам бар.