https://sputnik.kz/20260108/2026-zhyly-zhedel-zhardem-qyzmetkerlerinin-zhalaqysy-osedi-60227586.html
2026 жылы жедел жәрдем қызметкерлерінің жалақысы өседі
2026 жылы жедел жәрдем қызметкерлерінің жалақысы өседі
Sputnik Қазақстан
Дәрігерлерге қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтіледі 08.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-08T11:08+0500
2026-01-08T11:08+0500
2026-01-08T11:09+0500
денсаулық сақтау
жалақы
жедел жәрдем
https://sputnik.kz/img/07e6/09/0b/27476426_0:0:3213:1808_1920x0_80_0_0_7c30874089ad9c411ba74631dc8b7cd8.jpg
АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. 2026 жылы Қазақстанда медицина қызметкерлерінің еңбек ақысы көтеріледі және құқықтық қорғалуы күшейтіледі, деп мәлімдеді денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.Оның айтуынша, денсаулық сақтау саласына жұмсалатын мемлекеттік шығындар соңғы жылдары үш есеге жуық өсіп, 2025 жылы 3 трлн теңгеге жеткен.Вице-министр заңнамаға енгізілген түзетулердің аясында қызметтік міндеттерін атқару кезінде медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілеріне қатысты жасалған зорлық-зомбылық үшін жеке қылмыстық жауапкершілік енгізіліп жатыр, сондай-ақ дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру тетігі іске қосылды.Ұзақ уақыттан бері алғаш рет тарифтік саясат қайта қаралды: босандыру және педиатрия тарифтері көтерілді, аурулардың алдын алуға, ерте диагностикалауға және медициналық қызметтердің сапасын арттыруға баса назар аударылды. Клиникалық бағыттарда елеулі прогреске қол жеткізілді, ана мен баланың денсаулығын сақтау жүйесі нығайтылды.Министрлік өкілі хабарлағандай, әлеуметтік қолдау шараларының арқасында дәрігерлердің тапшылығы 19%-ға, орта медициналық персонал 7%-ға, ауылдық жерлерде 16%-ға төмендеді.
https://sputnik.kz/20251020/kimderdin-zhalaqysy-30-protsentke-koteriledi--ukimet-basshysy-zhauap-berdi-58051300.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/0b/27476426_0:0:2433:1825_1920x0_80_0_0_437e8f3bc0bcdae27dd34d00f6f77c01.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
денсаулық сақтау, жалақы, жедел жәрдем
денсаулық сақтау, жалақы, жедел жәрдем
2026 жылы жедел жәрдем қызметкерлерінің жалақысы өседі
11:08 08.01.2026 (жаңартылды: 11:09 08.01.2026) Дәрігерлерге қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтіледі
АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. 2026 жылы Қазақстанда медицина қызметкерлерінің еңбек ақысы көтеріледі және құқықтық қорғалуы күшейтіледі, деп мәлімдеді денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.
Оның айтуынша, денсаулық сақтау саласына жұмсалатын мемлекеттік шығындар соңғы жылдары үш есеге жуық өсіп, 2025 жылы 3 трлн теңгеге жеткен.
Вице-министр заңнамаға енгізілген түзетулердің аясында қызметтік міндеттерін атқару кезінде медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілеріне қатысты жасалған зорлық-зомбылық үшін жеке қылмыстық жауапкершілік енгізіліп жатыр, сондай-ақ дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру тетігі іске қосылды.
"2026 жылдан бастап инфекциялық қызметтер мен жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің жалақысын арттыру қарастырылған, ал дәрігерлерге қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтіледі", — деді Тимур Сұлтанғазиев.
Ұзақ уақыттан бері алғаш рет тарифтік саясат қайта қаралды: босандыру және педиатрия тарифтері көтерілді, аурулардың алдын алуға, ерте диагностикалауға және медициналық қызметтердің сапасын арттыруға баса назар аударылды. Клиникалық бағыттарда елеулі прогреске қол жеткізілді, ана мен баланың денсаулығын сақтау жүйесі нығайтылды.
Министрлік өкілі хабарлағандай, әлеуметтік қолдау шараларының арқасында дәрігерлердің тапшылығы 19%-ға, орта медициналық персонал 7%-ға, ауылдық жерлерде 16%-ға төмендеді.