Жапониядағы қазақстандықтар алғашқылардың бірі болып референдумда таңдау жасады

Жапониядағы қазақстандықтар алғашқылардың бірі болып референдумда таңдау жасады
Жапониядағы қазақстандықтар алғашқылардың бірі болып референдумда таңдау жасады - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2026
Жазылу
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Қазақстан азаматтары референдумда өздерінің конституциялық құқықтарын алғашқылардың бірі болып Жапонияда жүзеге асырды, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.
Токио қаласындағы Қазақстан азаматы - "Нихон" универститетінің 3 курс студенті Жібек Айдын референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс берді.
Жапониядағы қазақстандықтар алғашқылардың бірі болып референдумда таңдау жасады
Жапониядағы қазақстандықтар алғашқылардың бірі болып референдумда таңдау жасады - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2026
Жапониядағы қазақстандықтар алғашқылардың бірі болып референдумда таңдау жасады
"Қарастырылып отырған мәселе еліміздің алдағы даму бағыты үшін маңызды. Референдум өткізу ашықтықты қамтамасыз етіп, қоғам пікірін жан-жақты ескеруге мүмкіндік береді. Мемлекет әрбір азаматтың өз таңдауын жасауына қажетті жағдай жасап отыр, ал біз үшін белсенді азаматтық ұстаным таныту – маңызды міндет", – деді Айдын.
Ол сондай-ақ шетелде тұратын отандастарымыз Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің қолдауымен референдумға қатысу мүмкіндігіне ие болғанын айтты.
Сонымен қатар Сеул қаласындағы учаскеде Азия орман ынтымақтастығы ұйымының (AFoCO) қызметкері Ернар Сарсенбаев алғашқылардың бірі болып дауыс берді.
Жапониядағы қазақстандықтар алғашқылардың бірі болып референдумда таңдау жасады
Жапониядағы қазақстандықтар алғашқылардың бірі болып референдумда таңдау жасады - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2026
Жапониядағы қазақстандықтар алғашқылардың бірі болып референдумда таңдау жасады
Ол шетелде жүрген азаматтар үшін осындай маңызды саяси процеске қатысу мүмкіндігі жасалғанын жоғары бағалап, референдумға қатысу әрбір азаматтың азаматтық жауапкершілігінің көрінісі екенін мәлімдеді.
"Мұндай маңызды ұлттық мәселелер бойынша өз пікіріңді білдіру – әр азаматтың парызы. Референдум еліміздің дамуы мен болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға мүмкіндік береді", – деді ол.
Референдум - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2026
Қазақстанда жаңа Конституция бойынша референдум басталды
Жаңалықтар
0