https://sputnik.kz/20260314/astanada-mynnan-astam-adam-bir-mezette-korisu-rasimin-otkizdi--61846197.html
Астанада мыңнан астам адам бір мезетте төс қағысып, көрісті
Астанада мыңнан астам адам бір мезетте төс қағысып, көрісті
Sputnik Қазақстан
Ататүрік саябағында Көрісу күніне арналған ауқымды театрландырылған шара ұйымдастырылды 14.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-14T18:50+0500
2026-03-14T18:50+0500
2026-03-14T19:04+0500
астана
көрісу
мереке
https://sputnik.kz/img/07ea/03/0e/61846973_0:246:405:474_1920x0_80_0_0_0b49eae74ac28ca02a35450039ae3af0.jpg
АСТАНА, 14 наурыз - Sputnik. Астанада Ататүрік саябағында Амал мерекесіне орай ежелгі Көрісу рәсімі өткізілді.Оған мыңнан астам адам қатысып, бір мезетте бір-бірімен көрісіп, көктемнің келуімен құттықтады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігі. Саябақта Көрісу күніне арналған ауқымды театрландырылған қойылым ұйымдастырылды. Қатысушылар бір-бірімен төс қағыстырып, ізгі тілектер мен құттықтауларын білдірді. Одан кейін елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Қала тұрғыны Жадыра Дадехан мерекелік іс-шараға отбасымен бірге келгенін айтты. Айта кетейік, Астанада "Наурызнама" мерекелік онкүндігі аясында 200-ден астам іс-шара өтіп жатыр. Олардың қатарында мәдени бағдарламалар, қайырымдылық акциялары мен түрлі мерекелік шаралар бар.
https://sputnik.kz/20260314/mangystauda-amal-merekesi-toylandy-61845284.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/0e/61846973_0:208:405:512_1920x0_80_0_0_191e1ebe8b9b674fda932e65cb5a50a0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, көрісу , мереке
Астанада мыңнан астам адам бір мезетте төс қағысып, көрісті
18:50 14.03.2026 (жаңартылды: 19:04 14.03.2026) Ататүрік саябағында Көрісу күніне арналған ауқымды театрландырылған шара ұйымдастырылды
АСТАНА, 14 наурыз - Sputnik. Астанада Ататүрік саябағында Амал мерекесіне орай ежелгі Көрісу рәсімі өткізілді.
Оған мыңнан астам адам қатысып, бір мезетте бір-бірімен көрісіп, көктемнің келуімен құттықтады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігі.
Саябақта Көрісу күніне арналған ауқымды театрландырылған қойылым ұйымдастырылды.
"Мереке символикалық түрде бата берумен басталды. Қыдыр ата мен Ұмай ана бейнесіндегі әртістер жиналған жұртқа амандық, бақ-береке мен бақыт тіледі. Мерекеге жиналған мыңнан аса адам ұлттық киім киіп, ежелгі Көрісу рәсімін бір мезетте орындады", - делінген хабарламада.
Қатысушылар бір-бірімен төс қағыстырып, ізгі тілектер мен құттықтауларын білдірді. Одан кейін елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Қала тұрғыны Жадыра Дадехан мерекелік іс-шараға отбасымен бірге келгенін айтты.
"Біз Жағалау шағын ауданында тұрамыз. Бүгін осында күйеуіммен және балаларыммен бірге келдік. Қысты аман-есен өткізіп, көктемнің келгеніне қуаныштымыз. Бүгін ауа райы да тамаша – күн ашық, жылы. Балаларға да Наурыздың қалай тойланатынын көрсеткім келді", – деді ол.
Айта кетейік, Астанада "Наурызнама" мерекелік онкүндігі аясында 200-ден астам іс-шара өтіп жатыр. Олардың қатарында мәдени бағдарламалар, қайырымдылық акциялары мен түрлі мерекелік шаралар бар.