Маңғыстауда Амал мерекесі тойланды

© Photo : Туризм және спорт министрлігіМаңғыстауда Амал мерекесі тойланды
Маңғыстауда Амал мерекесі тойланды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2026
Жазылу
Негізгі іс-шара өңірдің киелі орындарының бірі — "Адай ата – Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде өтті
АСТАНА, 14 наурыз - Sputnik. Маңғыстау облысында Амал мерекесі, Көрісу күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті.
Дәстүр бойынша көктем мен жаңарудың жаршысы саналатын Амал мерекесінен Наурызнама онкүндігі басталып, ел бойынша Наурыз мейрамының шымылдығы ашылады.
© Photo : Туризм және спорт министрлігіМаңғыстауда Амал мерекесі тойланды
Маңғыстауда Амал мерекесі тойланды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2026
Маңғыстауда Амал мерекесі тойланды
Негізгі іс-шара өңірдің киелі орындарының бірі — Маңғыстау облысының ең биік нүктесі саналатын "Адай ата – Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде өтті.
"Мерекелік іс-шараға Қазақстанның әр өңірінен келген қонақтар мен шетелдік меймандар да қатысты. Польша, Түркия және Өзбекстаннан келген туристер қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетімен танысты. Ал сахнада Қырғызстан, Түркия, Әзербайжан және Өзбекстаннан келген шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті", - деп жазды Туризм және спорт министрлігі.
© Photo : Туризм және спорт министрлігіМаңғыстауда Амал мерекесі тойланды
Маңғыстауда Амал мерекесі тойланды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2026
Маңғыстауда Амал мерекесі тойланды
Отпан таудың шыңында 32 киіз үй тігіліп, мерекеге шамамен 5 мыңға жуық адам қатысты. Бағдарлама аясында "Ана жүрегі – мейірім мекені" аналар фестивалі, театрландырылған қойылым, халық қолөнерінің көрмесі, сондай-ақ Қазақ хандығы дәуіріне арналған VR-ойын мен 3D бұйымдар ұсынылған "Цифрлы киіз үй" (Digital Nauryz) жобасы таныстырылды.
Дәстүр бойынша Отпан таудың басында ұрпақтар сабақтастығы мен ел бірлігінің нышаны саналатын "Бірлік оты" жағылды.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен Наурызнама онкүндігі тұжырымдамасына сәйкес, елімізде Наурыз мейрамын тойлау жыл сайын 14 наурызда — Амал мерекесінен басталатынын айтқан болатын.
Амал мерекесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2026
Амал мерекесі: тарихы мен маңызы
Жаңалықтар
0