Ұлытау облысында су тасқыны қаупі бар 27 елді мекен айқындалған

© Photo : Акимат Костанайской области Қостанай облысындағы су тасқынына қарсы жұмыстар
Қостанай облысындағы су тасқынына қарсы жұмыстар - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2026
Жазылу
Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында өңірде 1,6 шақырым қорғаныс дамбасы салынды,
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ұлытау облысының су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді, деп хабарлады үкімет.
.Жұмыс сапары барысында вице-премьер Жезді өзенінің арнасындағы жағдаймен танысып, Қарсақпай, Сарлық, Қорғасын, Бозтұмсық және Малшыбай елді мекендерін су тасқынынан қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды қарап шықты.
Сондай-ақ Қарсақпай және Кененбай бөгеттерін тексерді. Жезқазған қаласында вице-премьер Кеңгір су қоймасына барып, қала әкімінің қазіргі жағдай жөнінде баяндамасын тыңдады
"Облыс аумағында су тасқыны қаупі бар 27 елді мекен айқындалған. Оның сегізінде су басу қаупі сақталып отыр, ал қалған 19 елді мекенде жүргізілген инженерлік және алдын алу шараларының нәтижесінде қауіп едәуір төмендеді", - деп жазылған хабарламада.
Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында өңірде 1,6 шақырым қорғаныс дамбасы салынды, 3,5 шақырым канал, 3 шақырым арық және 350 су өткізу құрылысы тазартылды. Сарысу, Жаман Сарысу, Талдысай, Қаракеңгір, Жезді өзендері, сондай-ақ Кеңгір, Ақтасты және Жезді су қоймалары тұрақты бақылауда тұр.
Жедел әрекет ету үшін техника, инертті материалдар және басқа да қажетті ресурстардың резерві құрылды. 1 наурыздан бастап азаматтық қорғау күштері мен құралдары жоғары дайындық режиміне көшірілді.
Су тасқыны - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2026
Cу тасқынына дайындық: Қазақстан мен Ресей су деңгейі туралы күнде ақпарат алмасады
Жаңалықтар
0