https://sputnik.kz/20260313/respublikalyq-zholdardagy-229-su-shayu-qaupi-bar-uchaske-ministrlik-baqylauynda-61829616.html
Республикалық жолдардағы 200-ден астам су шаю қаупі бар учаске министрлік бақылауында
Республикалық жолдардағы 200-ден астам су шаю қаупі бар учаске министрлік бақылауында
Sputnik Қазақстан
Теміржол желісінде жоспарлы түрде 290 вагоннан тұратын 45 пойыз жасақталды 13.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-13T21:23+0500
2026-03-13T21:23+0500
2026-03-13T22:06+0500
тас жол
су тасқыны
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e9/03/18/51892991_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_01f89fbf642fca4276efdf52fbb86bdc.jpg
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Республикалық жолдардағы 229 су шаю қаупі бар учаске көлік министрлігінің бақылауында, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.Алдын алу шараларын қабылдау мақсатында 40 мың шаршы метр бут тасы, 16 мың шаршы метр құм, 5 мың шаршы метр қиыршық тас және 23 мың шаршы метр құм-қиыршық тас қоспасы, сондай-ақ 280 мың қап дайындалды. Сонымен қатар, тасқын суды кедергісіз өткізу үшін су өткізгіш құбырларын тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.Су басу қаупі бар учаскелерде 2025 жылы 582 жаңа су өткізгіш құбыр орнатылды, ал 2026 жылы тағы 467 құбыр орнату жоспарланып отыр.Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде соңғы төрт жылда республикалық автожолдардағы су басу қаупі бар учаскелер саны 396-дан 229-ға азайды.Теміржол желісінде жоспарлы түрде 290 вагоннан тұратын 45 пойыз жасақталды. Олар қажетті құрал-жабдықтармен, инертті материалдармен, бут тасымен және металл көпір құрылымдарымен қамтамасыз етілген.Оңтүстік, Батыс және Шығыс өңірлерінде 2350 көпір, 4426 су өткізгіш құбыр, 1215 км кювет және 336,8 км таулы арықтар толық тазартылды. Бұл жоспарланған жұмыстың 100 пайызын құрайды. Солтүстік өңірде аталған нысандарды тазарту жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасып жатыр.
https://sputnik.kz/20260313/ulytau-oblysynda-su-tasqyny-qaupi-bar-27-eldi-meken-ayqyndalgan-61828431.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/18/51892991_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_6311ff0c56beaf5dbdf4398275edcb43.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тас жол, су тасқыны, министрлік
тас жол, су тасқыны, министрлік
Республикалық жолдардағы 200-ден астам су шаю қаупі бар учаске министрлік бақылауында
21:23 13.03.2026 (жаңартылды: 22:06 13.03.2026) Теміржол желісінде жоспарлы түрде 290 вагоннан тұратын 45 пойыз жасақталды
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Республикалық жолдардағы 229 су шаю қаупі бар учаске көлік министрлігінің бақылауында, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
"Қазіргі уақытта республикалық автожолдарда жалпы ұзындығы 160 шақырымды құрайтын су шаю қаупі бар 229 учаске бақылауға алынған. Аталған учаскелерге 2252 техника бекітіліп, күнделікті мониторинг жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Алдын алу шараларын қабылдау мақсатында 40 мың шаршы метр бут тасы, 16 мың шаршы метр құм, 5 мың шаршы метр қиыршық тас және 23 мың шаршы метр құм-қиыршық тас қоспасы, сондай-ақ 280 мың қап дайындалды. Сонымен қатар, тасқын суды кедергісіз өткізу үшін су өткізгіш құбырларын тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Су басу қаупі бар учаскелерде 2025 жылы 582 жаңа су өткізгіш құбыр орнатылды, ал 2026 жылы тағы 467 құбыр орнату жоспарланып отыр.
Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде соңғы төрт жылда республикалық автожолдардағы су басу қаупі бар учаскелер саны 396-дан 229-ға азайды.
Теміржол желісінде жоспарлы түрде 290 вагоннан тұратын 45 пойыз жасақталды. Олар қажетті құрал-жабдықтармен, инертті материалдармен, бут тасымен және металл көпір құрылымдарымен қамтамасыз етілген.
Оңтүстік, Батыс және Шығыс өңірлерінде 2350 көпір, 4426 су өткізгіш құбыр, 1215 км кювет және 336,8 км таулы арықтар толық тазартылды. Бұл жоспарланған жұмыстың 100 пайызын құрайды. Солтүстік өңірде аталған нысандарды тазарту жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасып жатыр.