Ақтөбеде бала күтуші үй иесін тонап кетті

© Photo : СС0 / Агзам ГайсинЗолотые украшения
Золотые украшения - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2026
Жазылу
Бала күтуші алтындарды біртіндеп жасырын алып кетіп, ломбардқа тапсырып отырған
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Ақтөбе қаласының 30 жастағы тұрғыны ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Ақтөбе облысының полиция департаменті.
Полицияның айтуынша, күдікті әйел биыл қаңтар айынан бастап Ақтөбеде бала күтуші болып жұмыс істеген. Сол кезде үй иесінің бірнеше зергерлік бұйымдарын ұрлаған. Көпбалалы отбасы бағалы бұйымдарының жоғалғанын наурыз айында бірақ біліп, полицияға хабарлаған.
Белгілі болғандай, үй иелері бала күтушіні әлеуметтік желіде хабарлама беру арқылы тапқан. Бала күтуші алтындарды біртіндеп жасырын алып кетіп, ломбардқа тапсырып отырған.
"Ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Ұрланған заттардың ішінде алтын сырға, алқа, сақиналар бар. Жәбірленушіге келтірілген залал 3 миллион теңге", - дейді полицияда.
Ірі мөлшерде ұрлық жасау дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүріп жатыр.
Золотое кольцо - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2026
Кентауда ер адам зергерлік шеберхана есігін бұзып ұрлық жасаған
Жаңалықтар
0