https://sputnik.kz/20260225/kentauda-er-adam-sheberkhana-esigin-buzyp-urlyq-zhasagan-61444745.html
Кентауда ер адам зергерлік шеберхана есігін бұзып ұрлық жасаған
Кентауда ер адам зергерлік шеберхана есігін бұзып ұрлық жасаған
Sputnik Қазақстан
Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 9 миллион теңгені құрады 25.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-25T20:37+0500
2026-02-25T20:37+0500
2026-02-25T21:21+0500
кентау
ұрлық
қылмыс
https://sputnik.kz/img/07e4/09/15/15013809_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_c6836435844467dba769c87bc8de7d23.jpg
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Кентауда 9 миллион теңге шығын келтірген ұрлық дерегі бойынша күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, белгісіз тұлғалар зергерлік шеберхана-дүкеннің есігін бұзып кіріп, алтын бұйымдарды ұрлап кеткен.Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер бұрын сотталған жергілікті тұрғынды күдікті ретінде ұстады. Жүргізілген тінту кезінде ұрланған ақшаның бір бөлігі және басқа да заттай айғақтар тәркіленді. Күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
https://sputnik.kz/20260108/almaty-turgyny-meshitterde-urlyq-zhasagan-60242052.html
кентау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/15/15013809_195:0:1199:753_1920x0_80_0_0_35320f6efa9070437279b0d91084807f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кентау, ұрлық, қылмыс
Кентауда ер адам зергерлік шеберхана есігін бұзып ұрлық жасаған
20:37 25.02.2026 (жаңартылды: 21:21 25.02.2026) Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 9 миллион теңгені құрады
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Кентауда 9 миллион теңге шығын келтірген ұрлық дерегі бойынша күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, белгісіз тұлғалар зергерлік шеберхана-дүкеннің есігін бұзып кіріп, алтын бұйымдарды ұрлап кеткен.
"Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 9 миллион теңгені құрады. Тергеу барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының жазбаларын және өзге де айғақтарды зерделеп, ұрлық жасады деген күдіктінің ізіне түсті", - деп жазылған хабарламада.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер бұрын сотталған жергілікті тұрғынды күдікті ретінде ұстады. Жүргізілген тінту кезінде ұрланған ақшаның бір бөлігі және басқа да заттай айғақтар тәркіленді. Күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.