Ертіске 260 мың бекіре жіберіледі

Ертіс өзені - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2026
Жазылу
Бұл шараға 260 миллион теңге қарастырылған
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Ертіске мыңдаған бекіре жіберілетінін хабарлады.
Шығыс Қазақстан облысында ормандарды қорғауды күшейту, балық шаруашылығын дамыту және өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту жоспарланып отыр.
Облыста ормандағы өртті ерте анықтау үшін 90 антенналық мұнара орнату жоспарланып отыр.
"Орманды қалпына келтіру бағдарламасы аясында өңірде 7 мың гектардан астам аумаққа 36 миллион орман көшеті отырғызу жоспарда бар. Бұл шаралар аумақтың ормандылығын арттырып, жердің тозуын азайтуға және табиғи экожүйелердің тұрақтылығын күшейтуге ықпал етеді", – деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар балық шаруашылығын дамыту жұмыстары да жалғасады. Келесі жылы облыста 3 746 тонна тауарлық балық өсіру жоспарланған.
"Тағы бір маңызды бағыт – сирек кездесетін балық түрлерінің популяциясын қалпына келтіру. Осы мақсатта Қара Ертіс өзеніне 260 мың дана сібір бекіресінің шабақтары жіберіледі. Бұл шараға 260 миллион теңге қарастырылған", - дейді облыстық әкімдікте.
Бекіре - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2025
Қостанай облысында бекіре тұқымдас балықтарды өсіру екі есе артады
Жаңалықтар
0