https://sputnik.kz/20251030/qostanay-oblysynda-bekire-tuqymdas-balyqtardy-osiru-eki-ese-artady-58301263.html
Қостанай облысында бекіре тұқымдас балықтарды өсіру екі есе артады
Қостанай облысында бекіре тұқымдас балықтарды өсіру екі есе артады
Sputnik Қазақстан
Жобаны іске асыруға 200 миллион теңгеден астам инвестиция бағытталды 30.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-30T08:48+0500
2025-10-30T08:48+0500
2025-10-30T08:49+0500
қостанай облысы
балық шаруашылығы
өндіріс
https://sputnik.kz/img/old/822/69/8226976_0:160:3076:1890_1920x0_80_0_0_a90df1dbf97a793487080a03dd78a191.jpg
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Қостанай облысында 2024 жылдан бері "Қостанай осетр" ЖШС табысты жұмыс істеп келеді.Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, жобаны іске асыруға 200 миллион теңгеден астам инвестиция бағытталды. Кәсіпорын іске қосылған кезден бастап балық өсірудің заманауи технологияларын және өндірістік үдерістерді цифрлық бақылау жүйелерін белсенді түрде енгізіп келеді.Кәсіпорын экологиялық тұрғыдан таза технологиялар негізінде жұмыс істейді.Ведомство хабарлауынша, Өндірісте су ресурстарын үнемдеп пайдалану мен балықтың өсуіне қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз ететін тұйық су айналымы жүйесі қолданылады. Мұндай тәсіл қоршаған ортаға әсерді барынша азайтып, дайын өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
https://sputnik.kz/20250804/qazaqstan-azerbayzhanga-balyq-pen-baldy-zhana-sertifikattar-boyynsha-eksporttaydy-56147765.html
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/822/69/8226976_173:0:2904:2048_1920x0_80_0_0_443150a6f71c7a103c28b619895813ac.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай облысы, балық шаруашылығы, өндіріс
қостанай облысы, балық шаруашылығы, өндіріс
Қостанай облысында бекіре тұқымдас балықтарды өсіру екі есе артады
08:48 30.10.2025 (жаңартылды: 08:49 30.10.2025) Жобаны іске асыруға 200 миллион теңгеден астам инвестиция бағытталды
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Қостанай облысында 2024 жылдан бері "Қостанай осетр" ЖШС табысты жұмыс істеп келеді.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, жобаны іске асыруға 200 миллион теңгеден астам инвестиция бағытталды. Кәсіпорын іске қосылған кезден бастап балық өсірудің заманауи технологияларын және өндірістік үдерістерді цифрлық бақылау жүйелерін белсенді түрде енгізіп келеді.
"Шаруашылықта ішкі және сыртқы нарықта жоғары сұранысқа ие бекіре тұқымдас балықтардың бірнеше түрі өсіріледі. Алдағы уақытта өндірістік қуатты жылына 20 тоннадан 50 тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Кәсіпорын экологиялық тұрғыдан таза технологиялар негізінде жұмыс істейді.
Ведомство хабарлауынша, Өндірісте су ресурстарын үнемдеп пайдалану мен балықтың өсуіне қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз ететін тұйық су айналымы жүйесі қолданылады. Мұндай тәсіл қоршаған ортаға әсерді барынша азайтып, дайын өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.