Атырауда қызды ұрып-соғып, желіде жариялаған жігіт қамауға алынды

© Sputnik / Табылды КадырбековАтырауда қызды ұрып-соғып, желіге жариялаған жігіт қамауға алынды
Атырауда қызды ұрып-соғып, желіге жариялаған жігіт қамауға алынды    - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2026
Жазылу
Оның үстінен "азаптау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды
АЛМАТЫ, 12 наурыз - Sputnik. Атырау облысында қызды ұрып-соғып әлеуметтік желіде жариялаған жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Әлеуметтік желіде ер адам беті-аузы көгерген бойжеткенді мәжбүрлеп сөйлеткені туралы видео тарады.
Жәбір көрген қыздың жасы 19-да, бейнежазбада оның бет-аузының жарақаты анық көрінеді.
Осы факті бойынша Атырау облысының полиция департаменті Қылмыстық Кодекстің "азаптау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
"Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында осы адамға қатысты іс қаралды. Ол "ұсақ бұзақылық" және "алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйде болу" бойынша кінәлі деп танылды", - дейді полиция.
Ер адам 30 тәулікке қамауға алынған.
Жылап тұрған әйел - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2025
"Жыныс мүшесіне зақым келтірген": екі әйел аяусыз қорлаған қыздың анасы мән-жайды айтты
Жаңалықтар
0