https://sputnik.kz/20250904/omir-surgim-kelmeydi-anashym-almaty-oblysynda-zhasospirimdi-eki-ayel-ayausyz-qorlagan-56801911.html
"Жыныс мүшесіне зақым келтірген": екі әйел аяусыз қорлаған қыздың анасы мән-жайды айтты
"Жыныс мүшесіне зақым келтірген": екі әйел аяусыз қорлаған қыздың анасы мән-жайды айтты
Sputnik Қазақстан
Қазіргі уақытта екі әйел де қамауға алынды 04.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-04T09:07+0500
2025-09-04T09:07+0500
2025-09-04T10:36+0500
алматы
жасөспірім
зорлау
https://sputnik.kz/img/149/38/1493898_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_baec0c8041b7ee92db4c02f6f8deb306.jpg
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында 16 жастағы жасөспірім әйелдерден азап көрді. Осылай деп дабыл қаққан жасөспірімнің анасы жаға ұстатарлық жәйт туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.Оқиға қалай басталдыЖасөспірім Шелек ауылында нағашы атасы мен апасының қолында өскен. Басынан құс ұшырмай баққан нағашылардан жиен қыз мектеп бітірген соң анасына оралмақ болып жүреді. Алайда 16 тамызда төбеден жай түсірген оқиға болады.Бұл 15 тамызда болған оқиға. Ал 16 тамызда жігітін даулаған әйел жасөспірімнің үйіне келіп, бетпе-бет сөйлесуді ұсынған. Екі әйел алдап қызды көлікке мінгізіп алып, ауылдан жыраққа кетеді. Әйелдердің бірі 30, екіншісі 29 жаста.Өзенге батырып, таяқпен зорлаған..."Қызымды ұрған, намысына тиетін сөздер айтқан. Онымен қоймай қолына темекі күйдіріп басқан. Сол екі әйелдің өздері барлық әрекетін бейнекамераға түсіріп отырған. Содан Шелек ауылынан Масақ ауылына қарай апарады. Ауылдың өзі емес, шамамен 15 минуттық жердегі өзенге апарып, тыр жалаңаш шешіндіріп, ұрып-соғып, мұздай суық өзенге отырғызып қояды. Сол жерде бірнеше рет суға тұншықтырады", - дейді анасы.Өзенге апара жатып, жол-жөнекей дүкенге соғып щетка алады. Ондағы ойлары адам шошырлық."Сол щеткамен қызымды зорламақ болған. Судан есеңгіретіп шығарып алып, жуан таяқпен қызымның жыныс мүшесіне зақым келтірген. Ол әйелдер бұл әрекеттерінің бәрін бейнекамераға түсіріп, аса бір ләззатпен рахаттанып істеген. Ол бейнежазбаларды мен өз көзіммен көрдім. Жүрегім ұстап, талып қала жаздадым. Адам баласы осыншама айуандыққа барады деп еш ойламаппын. Дап-дардай екі әйел әртүрлі әрекет жасаған сайын рахаттанып, мәре-сәре болып жүр", - дейді жасөспірімнің анасы."Бейнежазбаны жария етемін"Бейнежазбадан қызының жанұшыра шырылдаған даусын естіген ананың жүрегі шыдамаған. Тіпті есеңгіреп, есін әрең жиған.Күдіктілер күйеуге тиемін деген жігітімнен айырдың деп, 3 млн теңге несиесін 16 жастағы қызға төлетпек те болған.Өмір сүргім келмейді, анашым...Жасөспірім нағашы апасының телефонынан анасына хабарласып, өзін ұрып кеткенін айтады. Шын мәнінде оқиғаның қалай болғанын жасырып қалады. Тек анасынан "олар хабарласса, ешнәрсе білмегендей бола салшы" деп жылаумен болады."Анашым, өмір сүргім келмейді" деп жылай береді. Бір уақытта маған бір әйел хабарласып, "Сіз мамасы боласыз ба? Қызыңызға ие болыңыз. Сіздің қызыңыз менің жігітіммен араласпасын, мен онымен сөйлестім" дейді. Мен ол кезде қызымның таяқ жегенін ғана естігенмін. "Сен тыңда мені, мен келемін, 30 жастағы екі әйел 16 жастағы қызыммен есеп айырғыларың келген екен, енді мен сөйлесемін сендермен" дедім. Олар қызымды барынша қорқытумен болады", - дейді анасы Индира.Қызынан бүге-шігесіне дейін естіген ана таңғы сағат алтыда тұрып, Шелектегі Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөліміне барып арыз жазады. Бірден емес, бірнеше кедергіден өтуіне тура келеді.Отыздағы күдіктінің ата-анасы Индирадан келіп кешірім сұрап, кез келген көмекті жасайтындарын айтқан."Жаңағы қызымды қинаған басты күдікті әйелдің әке-шешесі келіп кешірім сұрады. Бірақ олардың айтуынша, ол әйелдің күйеуге шығу туралы ойы болмаған. Әрине үлкен кісілер, жаным ашыды. Бірақ кешірім бермеймін. Ал екінші күдіктінің екі баласы бар әйел екен. Ол ана бола тұра осындай әрекетті дәті шыдап қалай жасады екен... Естуімше, жігітін қызғанған отыздағы әйел ауылдық әкімдікте қызмет етеді", - дейді жасөспірімнің анасы.Әкімдік пен ауылдағы құзырлы органдарға ақпаратты жария етпеуге уәде берген Индираның алдынан бұл ақпарат әлеуметтік желіде тап болады. Айтуынша, бұл қылмысты полиция мамандары өздері жариялап жіберді. Психологтың өзі әрең есін жидырып жатқан жасөспірім тіпті соққы алатын болды деп уайымдайды анасы.Қазіргі уақытта екі әйел де қамауға алынды.
https://sputnik.kz/20250718/qostanay-oblysynda-ayel-zhasospirim-qyzga-pyshaq-sugyp-aldy-55758897.html
https://sputnik.kz/20250718/zhasospirimdi-zhynystyq-qatynasqa-mazhburlegen-er-adam-omir-boyyna-sottaldy-55756488.html
https://sputnik.kz/20250814/pavlodar-oblysynda-qyzyn-zorlagan-ake-omir-boyyna-bas-bostandygynan-ayyryldy-56360320.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/149/38/1493898_279:0:1000:541_1920x0_80_0_0_7a437252d237ebaa27391b3257a3a0a4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
алматы, жасөспірім, зорлау
алматы, жасөспірім, зорлау
"Жыныс мүшесіне зақым келтірген": екі әйел аяусыз қорлаған қыздың анасы мән-жайды айтты
09:07 04.09.2025 (жаңартылды: 10:36 04.09.2025) Қазіргі уақытта екі әйел де қамауға алынды
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында 16 жастағы жасөспірім әйелдерден азап көрді. Осылай деп дабыл қаққан жасөспірімнің анасы жаға ұстатарлық жәйт туралы
Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.
Жасөспірім Шелек ауылында нағашы атасы мен апасының қолында өскен. Басынан құс ұшырмай баққан нағашылардан жиен қыз мектеп бітірген соң анасына оралмақ болып жүреді. Алайда 16 тамызда төбеден жай түсірген оқиға болады.
"Қызыма әлеуметтік желіден бір ер адам жазады. Танымайды да, ешбір артық әңгіме айтылмаған. Іле-шала ватсап желісіне бір әйел жазып, қызыма қоқан-лоқы көрсетеді. Айтуынша, менің қызым оның жігітін тартып алыпты. Бірақ қызым ол ер адамды блоктап тастағанын айтып, дәлелін де көрсеткен", - дейді жасөспірім қыздың анасы Индира.
Бұл 15 тамызда болған оқиға. Ал 16 тамызда жігітін даулаған әйел жасөспірімнің үйіне келіп, бетпе-бет сөйлесуді ұсынған. Екі әйел алдап қызды көлікке мінгізіп алып, ауылдан жыраққа кетеді. Әйелдердің бірі 30, екіншісі 29 жаста.
Өзенге батырып, таяқпен зорлаған...
"Қызымды ұрған, намысына тиетін сөздер айтқан. Онымен қоймай қолына темекі күйдіріп басқан. Сол екі әйелдің өздері барлық әрекетін бейнекамераға түсіріп отырған. Содан Шелек ауылынан Масақ ауылына қарай апарады. Ауылдың өзі емес, шамамен 15 минуттық жердегі өзенге апарып, тыр жалаңаш шешіндіріп, ұрып-соғып, мұздай суық өзенге отырғызып қояды. Сол жерде бірнеше рет суға тұншықтырады", - дейді анасы.
Өзенге апара жатып, жол-жөнекей дүкенге соғып щетка алады. Ондағы ойлары адам шошырлық.
"Сол щеткамен қызымды зорламақ болған. Судан есеңгіретіп шығарып алып, жуан таяқпен қызымның жыныс мүшесіне зақым келтірген. Ол әйелдер бұл әрекеттерінің бәрін бейнекамераға түсіріп, аса бір ләззатпен рахаттанып істеген. Ол бейнежазбаларды мен өз көзіммен көрдім. Жүрегім ұстап, талып қала жаздадым. Адам баласы осыншама айуандыққа барады деп еш ойламаппын. Дап-дардай екі әйел әртүрлі әрекет жасаған сайын рахаттанып, мәре-сәре болып жүр", - дейді жасөспірімнің анасы.
"Бейнежазбаны жария етемін"
Бейнежазбадан қызының жанұшыра шырылдаған даусын естіген ананың жүрегі шыдамаған. Тіпті есеңгіреп, есін әрең жиған.
"Қызымды таяқпен зорлағанда ол жанұшыра айқайлап жатыр. Қинаған әйел "үнін өшір, біреу естіп қояды" деп құрбысына бұйрық береді. Бюстгалтерін аузына тығып, тұншықтырып тастаған. Сөйтіп қайтадан өзенге батырады. Ойларына келгенді істеп, қызымның бетінен сүйіп "қандай әдемісің" деп аймалаған. Сөйтіп ауылдың шетіне әкеп тастайды, қызымның телефонын өздеріне алып алған. Егер біреуге айтатын болсаң мына бейнежазбаның бәрін әлеуметтік желіге саламыз" деп қорқытқан", - дейді жәбір көрген қыздың анасы.
Күдіктілер күйеуге тиемін деген жігітімнен айырдың деп, 3 млн теңге несиесін 16 жастағы қызға төлетпек те болған.
Өмір сүргім келмейді, анашым...
Жасөспірім нағашы апасының телефонынан анасына хабарласып, өзін ұрып кеткенін айтады. Шын мәнінде оқиғаның қалай болғанын жасырып қалады. Тек анасынан "олар хабарласса, ешнәрсе білмегендей бола салшы" деп жылаумен болады.
"Анашым, өмір сүргім келмейді" деп жылай береді. Бір уақытта маған бір әйел хабарласып, "Сіз мамасы боласыз ба? Қызыңызға ие болыңыз. Сіздің қызыңыз менің жігітіммен араласпасын, мен онымен сөйлестім" дейді. Мен ол кезде қызымның таяқ жегенін ғана естігенмін. "Сен тыңда мені, мен келемін, 30 жастағы екі әйел 16 жастағы қызыммен есеп айырғыларың келген екен, енді мен сөйлесемін сендермен" дедім. Олар қызымды барынша қорқытумен болады", - дейді анасы Индира.
Қызынан бүге-шігесіне дейін естіген ана таңғы сағат алтыда тұрып, Шелектегі Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөліміне барып арыз жазады. Бірден емес, бірнеше кедергіден өтуіне тура келеді.
"Полиция бөліміне кірудің өзі өте мұң болды. Таңғы тоғыздан түнгі сағат үшке дейін жүрдік. Кезекші бөлім бізге ауруханаға барып, экспертиза тапсыр деді. Әркімге бір сілтеп біраз сағат жүрдік. Ол жерде қызымның құрбысының әкесі жұмыс істейді екен. Сол бізді көріп қалып, содан арыз жаздық", - дейді жәбірленуші тарап.
Отыздағы күдіктінің ата-анасы Индирадан келіп кешірім сұрап, кез келген көмекті жасайтындарын айтқан.
"Жаңағы қызымды қинаған басты күдікті әйелдің әке-шешесі келіп кешірім сұрады. Бірақ олардың айтуынша, ол әйелдің күйеуге шығу туралы ойы болмаған. Әрине үлкен кісілер, жаным ашыды. Бірақ кешірім бермеймін. Ал екінші күдіктінің екі баласы бар әйел екен. Ол ана бола тұра осындай әрекетті дәті шыдап қалай жасады екен... Естуімше, жігітін қызғанған отыздағы әйел ауылдық әкімдікте қызмет етеді", - дейді жасөспірімнің анасы.
Әкімдік пен ауылдағы құзырлы органдарға ақпаратты жария етпеуге уәде берген Индираның алдынан бұл ақпарат әлеуметтік желіде тап болады. Айтуынша, бұл қылмысты полиция мамандары өздері жариялап жіберді. Психологтың өзі әрең есін жидырып жатқан жасөспірім тіпті соққы алатын болды деп уайымдайды анасы.
Қазіргі уақытта екі әйел де қамауға алынды.
"Кәмелетке толмағанға дене жарақатын салу және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі күдікті әйел құрықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Кінәлілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар қылмыстық процеске қатысушылардың жеке деректері жария болды деген мәліметтер тексеріліп жатыр", - дейді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.