Жасөспірімді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген ер адам өмір бойына сотталды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуТюрьма, иллюстративное фото
Тюрьма, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2025
Жазылу
Сотталушы әйелінің 2016 жылы туған жиеніне қарсы қылмыс жасаған
АЛМАТЫ, 18 шілде – Sputnik. Абай облысының Шар қаласында жасөспірімді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген адам сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сот жабық түрде өтті. Сотталушыға Қазақстан Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігі "Он алты жасқа толмаған адамды азғындық жолға түсіру", сондай-ақ 121-бабы 4-бөлігі "Жас балаға қатысты бірнеше рет сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасау" бойынша айып тағылған. Іс Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.
"Былтыр тамызда сотталушы әйелінің 2016 жылы туған жиеніне қарсы қылмыс жасаған", - дейді ведомство.
Мемлекеттік айыптаушы-прокурор сотталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленушінің заңды өкілі де осы жазаны сұраған.
Алайда сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындамай, соттан ақтауды сұрады.
Кінәсі толық дәлелденген сотталушыны сот өмір бойына бас бостандығынан айырды.
Абай облыстық соты Sputnik Қазақстан тілшісіне сотталушының педагог емес екенін айтты. Ол педагогикалық лауазымдармен және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына айырылған.
Жаңалықтар
0