Ақпанда қазақстандықтар баспананы азырақ сатып алған

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуЖенщина открывает дверь
Женщина открывает дверь - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2026
Жазылу
Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, ақпанда қазақстандықтар қаңтардағыдан азырақ баспана сатып алған.
"2026 жылғы ақпанда тұрғын үйді алып-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелген, қаңтармен салыстырғанда (27 745) мәмілелер саны 1,2% азайған", - деп жазылған хабарламада.
Мәмілелер саны бойынша көш бастап тұрғандар:
Алматы – 5 732
Астана – 5 242
Қарағанды облысы – 2 250
Пәтерлер бойынша барлығы 21 259 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 77,5%-ы. Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, 2026 жылдың ақпан айында олар бойынша 8 306 мәміле ресімделген.
Жеке тұрғын үйлер бойынша өткен айда барлығы 6 162 мәміле тіркелген.
Мұғалім - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2026
Елде қай салада жұмысшы көп - статистика
Жаңалықтар
0