Елде қай салада жұмысшы көп - статистика

© Sputnik/Ертай СарбасовМұғалім
Мұғалім - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2026
Жазылу
2024 жылғы сәйкес тоқсанмен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамту көлемі 110 мың адамға артты
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Ұлттық стаитстика бюросы жұмысшылар саны қай салада көп екені туралы деректі жариялады.
2025 жылдың IV тоқсан қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасында 9 278,9 мың адам жұмыспен қамтылған.
Оның ішінде:
7,2 млн – жалдамалы қызметкерлер (77%)
2,1 млн – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (23%)
Жұмыспен қамтылғандардың үлесі ең жоғары салалар:
сауда – 17%
білім беру – 13,2%
өнеркәсіп – 12,5%
ауыл шаруашылығы – 10,3%
көлік және қойма – 7,2%
құрылыс – 6,8%
денсаулық сақтау – 6,6%
2024 жылғы сәйкес тоқсанмен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамту көлемі 110 мың адамға артты. Өсімнің басым бөлігі жалдамалы қызметкерлер есебінен қамтамасыз етілген.
Логотип Единого накопительного пенсионного фонда  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2026
Жұмыс берушілер жұмысшылар үшін зейнетақы қорына қанша ақша аударды
Жаңалықтар
0