https://sputnik.kz/20260311/zhaqynda-kiikterdin-sany-7-millionga-zhetedi---ministr-61780560.html
Жақында киіктердің саны 7 миллионға жетеді - министр
Жақында киіктердің саны 7 миллионға жетеді - министр
Sputnik Қазақстан
Киіктердің санын реттеу шаралары аясында қазіргі популяция 200 мың басқа қысқартылды 11.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-11T17:12+0500
2026-03-11T17:12+0500
2026-03-11T17:13+0500
министрлік
киік
мәжіліс
https://sputnik.kz/img/1014/43/10144318_275:156:1043:588_1920x0_80_0_0_d365b1c820bc2f7307094af008d4cef6.jpg
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мамыр айында киіктердің саны айтарлықтай өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қазіргі кезде киіктердің саны шамамен 5 млн басты құрайды.Министрдің айтуынша, киіктердің санын реттеу шаралары аясында қазіргі популяция 200 мың басқа қысқартылды."Алайда теңіздегі тамшы сияқты және популяцияға мүлдем әсер етпейді. Биыл мамырдағы төлдеу тағы 20 процент берсе, шамамен 7 млн бас болады”, - деді Нысанбаев.
https://sputnik.kz/20251203/qazaqstanda-kiik-sany-kelesi-zhyly-5-millionga-zhetedi-59281441.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1014/43/10144318_245:97:895:585_1920x0_80_0_0_9f5ad59306a9aefad475344be58160a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, киік, мәжіліс
министрлік, киік, мәжіліс
Жақында киіктердің саны 7 миллионға жетеді - министр
17:12 11.03.2026 (жаңартылды: 17:13 11.03.2026) Киіктердің санын реттеу шаралары аясында қазіргі популяция 200 мың басқа қысқартылды
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мамыр айында киіктердің саны айтарлықтай өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде киіктердің саны шамамен 5 млн басты құрайды.
"Бұл - өте тез көбейетін жануар. Киіктің төлі 40 проценті құрайды. Олар орташа есеппен 4-5 жыл өмір сүреді. Бірақ өте өсімтал, бірінші жылы ғана жалқы береді, одан кейінгі жылдары екіден, тіпті, үштен әкеледі", - деді Нысанбаев мәжілістегі брифингте.
Министрдің айтуынша, киіктердің санын реттеу шаралары аясында қазіргі популяция 200 мың басқа қысқартылды.
"Алайда теңіздегі тамшы сияқты және популяцияға мүлдем әсер етпейді. Биыл мамырдағы төлдеу тағы 20 процент берсе, шамамен 7 млн бас болады”, - деді Нысанбаев.