Наурызда 31 мыңнан астам талапкер ҰБТ тапсырды

Ұлттық бірыңғай тестілеу - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2026
Жазылу
Бірінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 57,7%-і шекті балл жинады
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Наурызда 31 мыңнан астам адам ұлттық бірыңғай тест тапсырды, деп хабарлады ғылым және жоғары білім министрлігі.
Талапкерлердің 63%–і қазақ тілінде, 37%-і орыс және 74 адам ағылшын тілінде тестілеуден өткен.

"Бірінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 57,7%-і шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 56,5 баллды құрады. Максималды нәтиже - 136 балл", - делінген хабарламада.

ҰБТ тапсырушылар арасында ерекше білім беру қажеттілігі бар 101 талапкер болған.
"ҰБТ-ның бірінші аптасында 56 ереже бұзушылық анықталды. 36 талапкер смартфондарды, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді", - дейді министрлікте.
20 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, нәтижелері жойылды.
ҰБТ-2026 аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.
Тестілеуге барлығы 184 мыңға жуық өтініш қабылданды.
ҰБТ тапсыру кабинеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2026
15 ақпанда наурыздағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталады
Жаңалықтар
0