https://sputnik.kz/20260214/15-aqpanda-nauryzdagy-ubt-ga-otinish-qabyldau-bastalady-61157641.html
15 ақпанда наурыздағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталады
15 ақпанда наурыздағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталады
Sputnik Қазақстан
Тестілеудің өзі 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді 14.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-14T10:16+0500
2026-02-14T10:16+0500
2026-02-14T10:16+0500
наурыз
ұбт
қабылдау
https://sputnik.kz/img/07ea/01/0a/60292121_0:0:1080:608_1920x0_80_0_0_af99f3f2ffacdf62174e7fd90e8e7376.jpg
АСТАНА, 14 ақпан - Sputnik. Наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 15-25 ақпан аралығында жүргізіледі, деп хабарлады ғылым жіне жоғарғы білім министрлігі.ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тестілеудің өзі 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді.Наурыздағы ҰБТ-ға қатысатындар:Өтініш беру барысында қатысушылар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.ҰБТ тапсырмаларының жалпы саны – 120. Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.Естеріне сала кетсек, 2026 жылғы қаңтар ҰБТ-сын 184 мыңға жуық адам өтті. Талапкерлердің 75%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 25%-ы орыс тілінде және 113 адам ағылшын тілінде тапсырды. Талапкерлердің 68%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 64 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 138 балл.
https://sputnik.kz/20260202/qantar-ubt-sy-talapkerlerdin-69-y-shekti-ball-zhinady-60872885.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/01/0a/60292121_103:0:1063:720_1920x0_80_0_0_03c67556474dee3047997995c75617a5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
наурыз, ұбт, қабылдау
15 ақпанда наурыздағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталады
Тестілеудің өзі 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді
АСТАНА, 14 ақпан - Sputnik. Наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 15-25 ақпан аралығында жүргізіледі, деп хабарлады ғылым жіне жоғарғы білім министрлігі.
ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тестілеудің өзі 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді.
Наурыздағы ҰБТ-ға қатысатындар:
шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар;
өткен жылғы мектеп түлектері;
ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар;
шетелде білім алған ҚР азаматтары;
мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін.
Өтініш беру барысында қатысушылар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.
"2026 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгеріссіз сақталады. ҰБТ құрылымы бұрынғы қалпында қалады: талапкерлер үш міндетті пәнді және таңдауы бойынша екі бейіндік пәнді тапсырады", - деп жазылған хабарламада.
ҰБТ тапсырмаларының жалпы саны – 120. Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.
Естеріне сала кетсек, 2026 жылғы қаңтар ҰБТ-сын 184 мыңға жуық адам өтті. Талапкерлердің 75%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 25%-ы орыс тілінде және 113 адам ағылшын тілінде тапсырды. Талапкерлердің 68%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 64 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 138 балл.