Донорлыққа келісім бергендердің саны үш есеге жуық өсті

© Photo : Денсаулық сақтау министрлігіҚазақстанда екі донор 6 адамның өмірін сақтап қалды
Қазақстанда екі донор 6 адамның өмірін сақтап қалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2026
Жазылу
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Қазақстанда донорлыққа келісім бергендердің саны 3 есеге жуық өсті, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
2025 жылы Қазақстанда 12 671 адам қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісімін берген.
"Бұл жай ғана статистика емес. Әрбір осындай шешім – трансплантаттауды күтіп отырған бірнеше адамның өмірін сақтап қалу мүмкіндігі", - деп жазылған хабарламада.
Жалпы алғанда, соңғы үш жылда қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа саналы түрде келісім берген азаматтар саны шамамен 3 есеге артты:
2023 жылы – 4 991 адам,
2024 жылы – 7 242 адам,
2025 жылы – 12 671 адам.
Донор. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2026
Қазақстанда донорлар үшін төлем мөлшерін ұлғайту керек – сенатор
Жаңалықтар
0