https://sputnik.kz/20260219/qazaqstanda-donorlar-ushin-tolem-molsherin-ulgaytu-kerek--senator-61291953.html
Қазақстанда донорлар үшін төлем мөлшерін ұлғайту керек – сенатор
Қазақстанда донорлар үшін төлем мөлшерін ұлғайту керек – сенатор
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда ақпан айы қан донорлығы айы деп жарияланды 19.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-19T18:18+0500
2026-02-19T18:18+0500
2026-02-19T18:18+0500
донор
қан
қан тапсыру
https://sputnik.kz/img/179/32/1793273_0:640:1365:1408_1920x0_80_0_0_85eef67b55fd85b2cf76a43f98e3e7f5.jpg
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Қазақстанда қан доноры болғаны үшін төлем мөлшерін ұлғайту және "Құрметті донор" белгісін қайтару ұсынылды.Сенатор Әлішер Сатыбалдиевтың айтуынша мотивацияның төмендігі қан донорлығының басты проблемасы болып отыр. Донорға тегін тамақтануға берілетін 0,25 АЕК ақша бағаның өскеніне қарамастан жылдар бойы өзгермеген.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тұрақты қан қызметі үшін әр 1000 адамға 35 адамнан қан алуды ұсынған. Ал Қазақстанда – 12 донация ғана.Сенатор Қазақстанда донорларды моральдық көтермелеудің тұрақты жүйесі жоқ екенін атап өтті. Сондай-ақ 2009 жылы "Құрметті донор" төсбелгісінің жойылуы донор мәртебесінің жоғалуына әкеп соқтырған.2024 жылы сенатор Ақмарал Әлназарова донорларға төлемді арттыру туралы айтқан болатын. Бүгінде денсаулық сақтау министрі болған Әлназарова биыл ақпанда қан тапсыру айын жариялады. Ол ақпан айының басында қан тапсырып, өзі үлгі көрсетті.Министрдің айтуынша, жыл сайын Қазақстанда 180 мыңнан астам азамат донор болып жүр. Олар жиынтығында 250 мыңнан астам қан мен оның компоненттерін донациялайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/179/32/1793273_0:512:1365:1536_1920x0_80_0_0_8c3f92d910d0e0924e259c6a34c49550.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
донор, қан, қан тапсыру
Қазақстанда донорлар үшін төлем мөлшерін ұлғайту керек – сенатор
Қазақстанда ақпан айы қан донорлығы айы деп жарияланды
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Қазақстанда қан доноры болғаны үшін төлем мөлшерін ұлғайту және "Құрметті донор" белгісін қайтару ұсынылды.
Сенатор Әлішер Сатыбалдиевтың айтуынша мотивацияның төмендігі қан донорлығының басты проблемасы болып отыр. Донорға тегін тамақтануға берілетін 0,25 АЕК ақша бағаның өскеніне қарамастан жылдар бойы өзгермеген.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тұрақты қан қызметі үшін әр 1000 адамға 35 адамнан қан алуды ұсынған. Ал Қазақстанда – 12 донация ғана.
Сенатор Қазақстанда донорларды моральдық көтермелеудің тұрақты жүйесі жоқ екенін атап өтті. Сондай-ақ 2009 жылы "Құрметті донор" төсбелгісінің жойылуы донор мәртебесінің жоғалуына әкеп соқтырған.
2024 жылы сенатор Ақмарал Әлназарова донорларға төлемді арттыру туралы айтқан болатын. Бүгінде денсаулық сақтау министрі болған Әлназарова биыл ақпанда қан тапсыру айын жариялады. Ол ақпан айының басында қан тапсырып, өзі үлгі көрсетті.
Министрдің айтуынша, жыл сайын Қазақстанда 180 мыңнан астам азамат донор болып жүр. Олар жиынтығында 250 мыңнан астам қан мен оның компоненттерін донациялайды.