https://sputnik.kz/20260309/ukraina-europa-bergen-kreditti-qaytarmaydy---fitso-61726089.html
Украина Еуропа берген кредитті қайтармайды - Фицо
Украина Еуропа берген кредитті қайтармайды - Фицо
Sputnik Қазақстан
Словакия билігі құбыр жұмыс істеп тұр және мұнай жеткізуді тоқтату Украинаның саяси шешімі деп санайды 09.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-09T11:37+0500
2026-03-09T11:37+0500
2026-03-09T11:37+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/0f/59602090_0:0:2855:1606_1920x0_80_0_0_a3397d21ee8e084e2f44d1cec645425d.jpg
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Словакия премьер-министрі Роберт Фицо Украинаның Еуропалық одақтан сұрап отырған тағы бір кредитіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады РИА Новости.Зеленский бұған дейін Венгрия премьер-министрін Венгрияның Украинаға ЕО-дан тағы бір несие беруін бұғаттағанына байланысты оған қоқан-лоқы көрсеткен болатын. Ол "Дружба" құбырын қалпына келтіргісі келмейтінін, себебі мұнай жеткізуді қалпына келтіру Орбанның сайлауда жеңіске жетуіне көмектесетінін мәлімдеді.Венгрия 18 ақпанда Украинаға дизель отынын жеткізуді тоқтатты, ал 20 ақпанда Украина арқылы Ресей мұнайының транзиті "Дружба" құбыры арқылы қайта басталғанға дейін Киевке 90 миллиард еуро көлеміндегі ЕО несие беруді бұғаттады.Киев 27 қаңтарда "Дружба" құбырымен Украина арқылы Словакия мен Венгрияға Ресей мұнайының транзитін тоқтатты. Словакия билігі құбыр жұмыс істеп тұр және мұнай жеткізуді тоқтату Украинаның саяси шешімі деп санайды, ол Украинаны Еуроодаққа мүшелікке жақындату үшін бопсалауға бағытталған.
https://sputnik.kz/20260308/slovakiya-ukimeti-ukrainaga-beriletin-kreditti-bugattauga-dayyn-ekenin-malimdedi-61722048.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/0f/59602090_123:0:2744:1966_1920x0_80_0_0_42951f5bf5bfe120e77691832e908452.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Украина Еуропа берген кредитті қайтармайды - Фицо
Словакия билігі құбыр жұмыс істеп тұр және мұнай жеткізуді тоқтату Украинаның саяси шешімі деп санайды
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Словакия премьер-министрі Роберт Фицо Украинаның Еуропалық одақтан сұрап отырған тағы бір кредитіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады
РИА Новости.
"Словакия, Венгрия мен Чехия қатыспаймыз деген 90 миллиад еуро көлеміндегі әскери кредит - бұл ешқандай кредит емес, бұл кәдімгідей сыйлық. Себебі Украина ол 90 миллиард еуродан ештеңе қайтармайды, бұған дейін алған жүздеген миллиард еуроны да қайтармайды", - деді Фицо әлеуметтік желіде жариялаған бейнеүндеуінде.
Зеленский бұған дейін Венгрия премьер-министрін Венгрияның Украинаға ЕО-дан тағы бір несие беруін бұғаттағанына байланысты оған қоқан-лоқы көрсеткен болатын. Ол "Дружба" құбырын қалпына келтіргісі келмейтінін, себебі мұнай жеткізуді қалпына келтіру Орбанның сайлауда жеңіске жетуіне көмектесетінін мәлімдеді.
Венгрия 18 ақпанда Украинаға дизель отынын жеткізуді тоқтатты, ал 20 ақпанда Украина арқылы Ресей мұнайының транзиті "Дружба" құбыры арқылы қайта басталғанға дейін Киевке 90 миллиард еуро көлеміндегі ЕО несие беруді бұғаттады.
Киев 27 қаңтарда "Дружба" құбырымен Украина арқылы Словакия мен Венгрияға Ресей мұнайының транзитін тоқтатты. Словакия билігі құбыр жұмыс істеп тұр және мұнай жеткізуді тоқтату Украинаның саяси шешімі деп санайды, ол Украинаны Еуроодаққа мүшелікке жақындату үшін бопсалауға бағытталған.