https://sputnik.kz/20260308/slovakiya-ukimeti-ukrainaga-beriletin-kreditti-bugattauga-dayyn-ekenin-malimdedi-61722048.html
Словакия үкіметі Украинаға берілетін кредитті бұғаттауға дайын екенін мәлімдеді
Словакия үкіметі Украинаға берілетін кредитті бұғаттауға дайын екенін мәлімдеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 наурыз – Sputnik. Словакия Украина аумағы арқылы мұнай айдауды қайта бастауға қол жеткізу үшін Киевке берілетін кредитті бұғаттау эстафетасын... 08.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-08T20:49+0500
2026-03-08T20:49+0500
2026-03-08T20:49+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/17/49471525_0:0:768:432_1920x0_80_0_0_bbf6fb3cdf1975374497c3151d50afaa.jpg
АСТАНА, 8 наурыз – Sputnik. Словакия Украина аумағы арқылы мұнай айдауды қайта бастауға қол жеткізу үшін Киевке берілетін кредитті бұғаттау эстафетасын қабылдауға дайын, деп мәлімдеді Словакияның премьер-министрі Роберт Фицо.Фицо 10 наурызда Париж қаласында Еуропалық комиссия басшысы Урсула фон дер Ляйенмен Киевтің "Дружба мұнай құбыры" арқылы мұнай айдауды тоқтату мәселесін талқылайтынын еске салды. Оның пікірінше, Еурокомиссия Украина басшысы Владимир Зеленскийді құбырдың "зақымданған" деп айтылған бөлігін тексеруге рұқсат беруге мәжбүрлей алады.Оның айтуынша, Еуропаның Украинаға беретін кредитін бұғаттау – мұнай жеткізілімін қайта қалпына келтірудің заңды құралы.Киев 27 қаңтарда "Дружба" мұнай құбыры арқылы Ресей мұнайының Словакия мен Венгрияға транзиттік жеткізілімін тоқтатты.Словакия билігінің пікірінше, "Дружба" мұнай құбыры жұмыс істеп тұр, ал мұнай жеткізілімінің тоқтатылуы — Украина тарапынан қабылданған саяси шешім.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/17/49471525_96:0:672:432_1920x0_80_0_0_6fe189d94b1e5e925324d8460361f861.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Словакия үкіметі Украинаға берілетін кредитті бұғаттауға дайын екенін мәлімдеді
АСТАНА, 8 наурыз – Sputnik. Словакия Украина аумағы арқылы мұнай айдауды қайта бастауға қол жеткізу үшін Киевке берілетін кредитті бұғаттау эстафетасын қабылдауға дайын, деп мәлімдеді Словакияның премьер-министрі Роберт Фицо.
Фицо 10 наурызда Париж қаласында Еуропалық комиссия басшысы Урсула фон дер Ляйенмен Киевтің "Дружба мұнай құбыры" арқылы мұнай айдауды тоқтату мәселесін талқылайтынын еске салды. Оның пікірінше, Еурокомиссия Украина басшысы Владимир Зеленскийді құбырдың "зақымданған" деп айтылған бөлігін тексеруге рұқсат беруге мәжбүрлей алады.
"Бірақ қажет болса, Словакия Венгриядан эстафетаны қабылдауға дайын. Қазір Украинаға берілетін 90 миллиардтық әскери кредит іс жүзінде бұғатталып тұр. Бірақ мен аңғал адам емеспін. Украина президенті жеткізілім бір жарым айдан кейін, яғни Венгриядағы сайлаудан кейін қайта басталады дейді. Ол жақта оппозиция жеңеді деп үміттенеді. Солай болған жағдайда Венгрияның бұл эстафетасын басқа ел қабылдамаса, шығыстан келетін мұнай біржола тоқтауы мүмкін", — деді Фицо жексенбі күні желідегі ресми парақшасында жарияланған бейнеүндеуінде.
Оның айтуынша, Еуропаның Украинаға беретін кредитін бұғаттау – мұнай жеткізілімін қайта қалпына келтірудің заңды құралы.
Киев 27 қаңтарда "Дружба" мұнай құбыры арқылы Ресей мұнайының Словакия мен Венгрияға транзиттік жеткізілімін тоқтатты.
Словакия билігінің пікірінше, "Дружба" мұнай құбыры жұмыс істеп тұр, ал мұнай жеткізілімінің тоқтатылуы — Украина тарапынан қабылданған саяси шешім.