Солтүстік-батыс циклонының әсерінен қар мен жаңбыр жауады

© Sputnik / Санат ИмангалиевВиды Астаны
Виды Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2026
Жазылу
Елдің солтүстік-батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауады
АСТАНА, 8 наурыз – Sputnik. "Қазгидромет" синоптиктері 9 наурызға жасалған ауа райының болжамын жариялады.
Болжамға сәйкес, дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыстан келген циклон әсерінен жаңбыр мен қар жауады, кей өңірлерде жауын-шашын мол түседі. Елдің солтүстік-батысы мен оңтүстігінде нөсер жаңбыр мен қалың қар жауады.
Сонымен қатар, республика бойынша жел күшейеді, боран соғады, көктайғақ және тұман болады.
Су тасқыны жағдайы - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2026
Қарағанды облысында су басуы мүмкін 139 елді мекен бар
Жаңалықтар
0