Қарағанды облысында су басуы мүмкін 139 елді мекен бар

© Photo : Департамент полиции СКО Су тасқыны жағдайы
Су тасқыны жағдайы - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2026
Жазылу
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Үкімет өңірлердің су тасқынына дайындық барысын тексеруді бастады.
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапары барысында Қарағанды облысы өңірінің су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді.
Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, өңірде негізгі су тасқынына қарсы іс-шаралар аяқталған, жұмыстар Теміртау қаласында жалғасуда.
"25 шақырым қорғаныс дамбалары мен бөгеттер салынды және нығайтылды, өзен арналарының 28 шақырымнан астам су тасқыны қаупі бар учаскелеріне санация жүргізілді, 21 шақырым дренаж және су бұру жүйелері тазартылды. 54 автожол учаскесінде су өткізу қабілеті арттырылды, төрт гидротехникалық нысанға жөндеу жүргізілді", - деп жазылған хабарламада.
Жергілікті атқарушы органдар материалдық-техникалық және қаржылық резервтерді қалыптастырды, шамамен 1 млн 200 мың текше метр қар шығарылды. Облыстың 7 ауданында және 4 қаласында су басу қаупі бар 139 елді мекен, сондай-ақ автомобиль және теміржолдардың 130 қауіпті учаскесі ерекше бақылауға алынған. 217 су шаруашылығы нысаны тұрақты мониторингте тұр.
Қазіргі уақытта өңірдегі су тасқыны жағдайы тұрақты. Негізгі су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Самарқанд және Ынтымақ су қоймаларынан санитарлық су жіберу жүргізіліп жатыр.
Су тасқыны - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2026
Cу тасқынына дайындық: Қазақстан мен Ресей су деңгейі туралы күнде ақпарат алмасады
Жаңалықтар
0