https://sputnik.kz/20260308/qazaqstandagy-en-ulken-azhe-116-zhastan-asty-61719318.html
Құрт жайып, үй тірлігіне араласады: елдегі ең қарт тұрғын 116 жастан асты
Құрт жайып, үй тірлігіне араласады: елдегі ең қарт тұрғын 116 жастан асты
Sputnik Қазақстан
Кейуана ұзақ жасаудың сырын адал еңбек және жақсы ниетпен байланысты деп отыр 08.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-08T13:12+0500
2026-03-08T13:12+0500
2026-03-08T13:31+0500
мереке
әже
көктем
https://sputnik.kz/img/377/17/3771748_0:700:4000:2950_1920x0_80_0_0_cf8034b8d86bb90123e9f5cae51616a1.jpg
АСТАНА, 8 наурыз – Sputnik. Ұлытау тұрғыны Түймегүл Темірбаева биыл 116-шы рет көктем мерекесін қарсы алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан 24.kz порталына сілтеме жасап.Кейуана әлі де ширақ. Ал ұзақ жасаудың сырын адал еңбек және жақсы ниетпен байланысты деп отыр. Өмір бойы ауыр жұмыстың ортасында жүрген ана қазір де бос отырмайды. Құрт жайып, үй тірлігіне араласып жүреді. Ол жұбайы Аязбай Темірбаев екеуі өмір бойы жылқы баққан. Дегенмен мал соңындағы қара жұмыстан қажымаған. Аязбай ақсақал ғасырға жуық жасап, 95 жасында дүниеден өткен. Ал Түймегүл әже жақында 116 жасқа толған. Соған қарамастан көзілдіріксіз ине сабақтай алады.Әженің балалары осы күнге шейін анасының ауырдым дегенін естімепті."Анда-санда далаға шығып келеді. Көбінесе үйде жүреді. Биыл солай болды. Оған дейін барлық шаруаға жарап тұрған. Сырттың шаруасына, іштің шаруасына. Қанша дегенмен жасы келді ғой. Теледидар көріп отырады. Бізге тамақ істеп қояды", - деді әженің келіні Раушан Темірбаева.Кейуана бүгінде Қызылжар кентінде кенже ұлының қолында тұрады. Бауырынан өрген 4 баладан 15 немере, 25 шөбере сүйген.
https://sputnik.kz/20251227/almatyda-askeriler-103-zhasqa-tolgan-ardagerdi-quttyqtady-59978892.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/377/17/3771748_0:325:4000:3325_1920x0_80_0_0_42ada4299368145fd1d61760b3f2e45a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мереке, әже, көктем
Құрт жайып, үй тірлігіне араласады: елдегі ең қарт тұрғын 116 жастан асты
13:12 08.03.2026 (жаңартылды: 13:31 08.03.2026) Кейуана ұзақ жасаудың сырын адал еңбек және жақсы ниетпен байланысты деп отыр
АСТАНА, 8 наурыз – Sputnik. Ұлытау тұрғыны Түймегүл Темірбаева биыл 116-шы рет көктем мерекесін қарсы алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
24.kz порталына сілтеме жасап.
Кейуана әлі де ширақ. Ал ұзақ жасаудың сырын адал еңбек және жақсы ниетпен байланысты деп отыр. Өмір бойы ауыр жұмыстың ортасында жүрген ана қазір де бос отырмайды. Құрт жайып, үй тірлігіне араласып жүреді. Ол жұбайы Аязбай Темірбаев екеуі өмір бойы жылқы баққан. Дегенмен мал соңындағы қара жұмыстан қажымаған. Аязбай ақсақал ғасырға жуық жасап, 95 жасында дүниеден өткен. Ал Түймегүл әже жақында 116 жасқа толған. Соған қарамастан көзілдіріксіз ине сабақтай алады.
"Балаларым аман болсын. Балалардың алдында кетсем деп жүрмін", - дейді Түймегүл Темірбаева.
Әженің балалары осы күнге шейін анасының ауырдым дегенін естімепті.
"Анда-санда далаға шығып келеді. Көбінесе үйде жүреді. Биыл солай болды. Оған дейін барлық шаруаға жарап тұрған. Сырттың шаруасына, іштің шаруасына. Қанша дегенмен жасы келді ғой. Теледидар көріп отырады. Бізге тамақ істеп қояды", - деді әженің келіні Раушан Темірбаева.
Кейуана бүгінде Қызылжар кентінде кенже ұлының қолында тұрады. Бауырынан өрген 4 баладан 15 немере, 25 шөбере сүйген.