https://sputnik.kz/20251227/almatyda-askeriler-103-zhasqa-tolgan-ardagerdi-quttyqtady-59978892.html
Алматыда әскерилер 103 жасқа толған соғыс ардагерін құттықтады
Алматыда әскерилер 103 жасқа толған соғыс ардагерін құттықтады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Алматы қаласында Ұлы Отан соғысының ардагері Зұлхарнай Сейітов 103 жасқа толды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 27.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-27T18:06+0500
2025-12-27T18:06+0500
2025-12-27T18:07+0500
соғыс ардагері
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/1b/59978082_0:376:1365:1144_1920x0_80_0_0_fb4e4b102a306d06cecab53fef70e8b2.jpg
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Алматы қаласында Ұлы Отан соғысының ардагері Зұлхарнай Сейітов 103 жасқа толды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Алмалы аудандық қорғаныс істері басқармасының әскери қызметшілері Зұлхарнай Сейітовке министрдің құттықтау хатын табыстады.Соғыс ардагері әскери қызметшілерге бейбіт өмір, қызметте табыс және отбасыларына бақ-береке тілеп, батасын берді.103-ке келген ардагердің жолыЗұлхарнай Сейітов 1922 жылғы 27 желтоқсанда Жаңа Қыпшақ (Ресей, Омбы облысы) ауылында дүниеге келген. Ал 1942 жылы қызыл әскер қатарына шақырылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Сталинградтан Берлинге дейінгі майдан жолынан өтті. Беларусь пен Польшаны азат етуге қатысып, Потсдам сарайын минадан тазарту жұмыстарына қатысты. Майдандастарымен бірге фашистік Германияның астанасына да шабуыл жасады.Майдангер Қызыл Жұлдыз орденімен, “Ерлігі үшін” медалімен және басқа да наградалармен марапатталған.Соғыстан кейін Зұлхарнай Сейітов Омбы ауыл шаруашылығы институтын тәмамдап, Қазақстанға қоныс аударған. Ғылым жолына бет бұрды. Бүгінде ол - биология ғылымдарының докторы, республикалық Ғылым академиясының академигі, Қазақстан-Ресей медициналық университетінің молекулалық биология кафедрасының профессоры.Зұлхарнай Сейітов 150-ден астам ғылыми еңбек пен монографияны, 10 оқу құралын жазды. Оның 14 патенті және сегіз авторлық куәлігі бар. Ғалымның зерттеулері Қазақстанның медицинасы мен тамақ өнеркәсібінің дамуына елеулі үлес қосты.
https://sputnik.kz/20250729/qazaqstanda-nebari-96-sogys-ardageri-qaldy-56004950.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/1b/59978082_0:354:1365:1378_1920x0_80_0_0_e18e04d1c8ff78fedb6260a3e91c3470.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
соғыс ардагері
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Алматы қаласында Ұлы Отан соғысының ардагері Зұлхарнай Сейітов 103 жасқа толды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алмалы аудандық қорғаныс істері басқармасының әскери қызметшілері Зұлхарнай Сейітовке министрдің құттықтау хатын табыстады.
“Ардагерлер – тарихтың тірі куәгерлері, елдің абыройы мен даңқы. Майдангердің ерлігін ұмытпау, қамқорлық көрсету және батырлығы мен төзімділігі туралы естелікті жас ұрпаққа жеткізу – біздің міндетіміз”,– дейді тәрбие және идеологиялық жұмыс бөлімінің бастығы капитан Гүлсім Бәкірова.
Соғыс ардагері әскери қызметшілерге бейбіт өмір, қызметте табыс және отбасыларына бақ-береке тілеп, батасын берді.
103-ке келген ардагердің жолы
Зұлхарнай Сейітов 1922 жылғы 27 желтоқсанда Жаңа Қыпшақ (Ресей, Омбы облысы) ауылында дүниеге келген. Ал 1942 жылы қызыл әскер қатарына шақырылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Сталинградтан Берлинге дейінгі майдан жолынан өтті. Беларусь пен Польшаны азат етуге қатысып, Потсдам сарайын минадан тазарту жұмыстарына қатысты. Майдандастарымен бірге фашистік Германияның астанасына да шабуыл жасады.
Майдангер Қызыл Жұлдыз орденімен, “Ерлігі үшін” медалімен және басқа да наградалармен марапатталған.
Соғыстан кейін Зұлхарнай Сейітов Омбы ауыл шаруашылығы институтын тәмамдап, Қазақстанға қоныс аударған. Ғылым жолына бет бұрды. Бүгінде ол - биология ғылымдарының докторы, республикалық Ғылым академиясының академигі, Қазақстан-Ресей медициналық университетінің молекулалық биология кафедрасының профессоры.
Зұлхарнай Сейітов 150-ден астам ғылыми еңбек пен монографияны, 10 оқу құралын жазды. Оның 14 патенті және сегіз авторлық куәлігі бар. Ғалымның зерттеулері Қазақстанның медицинасы мен тамақ өнеркәсібінің дамуына елеулі үлес қосты.