Тоқаев мереке қарсаңында бір топ қыз-келіншекті мемлекеттік наградамен марапаттады
16:29 06.03.2026 (жаңартылды: 16:33 06.03.2026)

© Пресс-служба президента Казахстана
Жазылу
Президент сан алуан салада табанды еңбек етіп жүрген әйелдер көп екенін ерекше айтты
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Ақордада 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында өткен салтанатты жиында бір топ қыз-келіншекке мемлекеттік награда табысталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қасым-Жомарт Тоқаев сан алуан салада табанды еңбек етіп жүрген әйелдер көп екенін ерекше айтты.
"Қыз-келіншектердің ынтасы жоғары, мұқият, жинақы, сондықтан оларға көбірек сенім артады. Әдетте "нәзік жанды" деп атаймыз, бірақ шын мәнінде олар қиын сәттерде ерік-жігері мұқалмай, табанды мінезі мен төзімділігі, шешімталдығы арқасында ерлікке парапар іс атқарады", - деді Тоқаев.

Тоқаев мереке қарсаңында бір топ қыз-келіншекті мемлекеттік наградамен марапаттады
© Пресс-служба президента Казахстана
Ақордада жиналған әйелдерге награда табысталды.
"Отан" ордені:
дәрігер Марфуға Әжіғалиева;
"Еңбек даңқы" ордені:
шаруа қожалығының жетекшісі Шакира Ыдырысова;
"Барыс" ордені:
шахматтан әлемнің үш дүркін чемпионы Бибісара Асаубаева;
"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы:
сенатор Ольга Перепечинаға;
мәжіліс депутаты Снежанна Имашева;
мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева;
өнертапқыш Мәнсия Бабашева;
"Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағы:
химия пәні мұғалімі Татьяна Белоусова;
мәжіліс депутаты Ирина Смирнова;
"Парасат" ордені:
конькимен жүгіруден жастар арасындағы бес дүркін әлем чемпионы Кристина Шумекова;
жазушы Камал Әлпейісова;
"Құрмет" ордені:
табиғатты қорғау саласының маманы Мария Зейнелова;
мұнай саласының білгірі Айсұлу Шуақбаева;
педагог Жанна Левкович;
"Шапағат" медалі:
жас мұғалім Мария Сурина;
"Ерен еңбегі үшін" медалі:
тікұшақ пилоты Ақерке Шопатаева;
белгілі өнерпаз Сузуки Канон;
