https://sputnik.kz/20260306/su-resurstary-ministrligi-qurylysy-ayaqtalmagan-10-zhobany-qayta-qolga-alady-61662975.html
Су ресурстары министрлігі құрылысы аяқталмаған 10 жобаны қайта қолға алады
Су ресурстары министрлігі құрылысы аяқталмаған 10 жобаны қайта қолға алады
Sputnik Қазақстан
Нәтижесінде ауыл шаруашылығы алқаптарын сумен қамтамасыз ету сапасы жақсарып, өнімділік артады 06.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-06T08:56+0500
2026-03-06T08:56+0500
2026-03-06T08:56+0500
ауыз су
ағын су
су
егістік
егін
https://sputnik.kz/img/07e8/05/10/44303984_6:0:1194:668_1920x0_80_0_0_aecd9048ac2736ffa6919c3b4dfec654.jpg
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылысы аяқталмаған 10 жобаны қайта қолға алып, қолданысқа беруді жоспарлап отыр, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.Олардың қатарында Қызылорда және Түркістан облыстарында орналасқан алты каналды реконструкциялау және жаңғырту жобасы, Ақмола облысындағы екі су қоймасын реконструкциялау, Абай облысындағы бөгет гидроторабын реконструкциялау және Алматы облысындағы су алу нысанын электрмен қамтамасыз ету жобасы бар.Сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының нұсқамалары алынып, жобалау-сметалық құжатты түзетуге арналған техникалық тапсырмалар әзірленді. Құжаттарды түзету жұмыстары биылғы бірінші жартыжылдықтың соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр."Бұл жобаларды іске асыру гидротехникалық нысандардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуге, апаттық тәуекелдердің алдын алуға, суды автоматтандырылған есепке алу жүйелерін енгізуге және су шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы алқаптарын сумен қамтамасыз ету сапасы жақсарып, өнімділік артады және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы нығаяды", - деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
https://sputnik.kz/20260212/turkistan-oblysynda-8-myn-gektarga-zhuyq-alqapta-su-unemdeu-tekhnologiyasy-engiziledi-61125695.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/10/44303984_155:0:1046:668_1920x0_80_0_0_1dac49c294bf59fe5f56f42ed68d65e8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыз су, ағын су, су, егістік, егін
ауыз су, ағын су, су, егістік, егін
Су ресурстары министрлігі құрылысы аяқталмаған 10 жобаны қайта қолға алады
Нәтижесінде ауыл шаруашылығы алқаптарын сумен қамтамасыз ету сапасы жақсарып, өнімділік артады
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылысы аяқталмаған 10 жобаны қайта қолға алып, қолданысқа беруді жоспарлап отыр, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Олардың қатарында Қызылорда және Түркістан облыстарында орналасқан алты каналды реконструкциялау және жаңғырту жобасы, Ақмола облысындағы екі су қоймасын реконструкциялау, Абай облысындағы бөгет гидроторабын реконструкциялау және Алматы облысындағы су алу нысанын электрмен қамтамасыз ету жобасы бар.
"2025 жылы барлық нысанның техникалық жағдайына тексеру жүргізіліп, атқарылған және соңына дейін жеткізілмеген жұмыстардың көлемі анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының нұсқамалары алынып, жобалау-сметалық құжатты түзетуге арналған техникалық тапсырмалар әзірленді. Құжаттарды түзету жұмыстары биылғы бірінші жартыжылдықтың соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.
"Бұл жобаларды іске асыру гидротехникалық нысандардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуге, апаттық тәуекелдердің алдын алуға, суды автоматтандырылған есепке алу жүйелерін енгізуге және су шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы алқаптарын сумен қамтамасыз ету сапасы жақсарып, өнімділік артады және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы нығаяды", - деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.