https://sputnik.kz/20260212/turkistan-oblysynda-8-myn-gektarga-zhuyq-alqapta-su-unemdeu-tekhnologiyasy-engiziledi-61125695.html
Түркістан облысында 8 мың гектарға жуық алқапта су үнемдеу технологиясы енгізіледі
Түркістан облысында 8 мың гектарға жуық алқапта су үнемдеу технологиясы енгізіледі
Sputnik Қазақстан
Былтыр 114 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологияларын ендіру арқылы 195 млн текше метр су үнемделді 12.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-12T22:52+0500
2026-02-12T22:52+0500
2026-02-12T22:52+0500
түркістан облысы
ауыл шаруашылығы
су
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/14/30473938_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_4e887ccd95d5e92f843cd7bb2da69c48.jpg
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Түркістан облысындағы егістік алқаптарына су үнемдеу технологияларын ендіру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен жиында су үнемдеу технологиясын ендіру жоспарының орындалу барысы талқыланды. Жиынға әкімдерінің орынбасарлары қатысты.2026 жылға белгіленген меже бойынша Жетісай, Мақтаарал, Шардара аудандарындағы 77 шаруашылық 7228 гектар алқапты су үнемдеу технологиясын енгізу арқылы игеруді қолға алады. Жер жырту бойынша жоспардың Мақтааралда 90 пайызы, Шардарада 81 пайызы, Жетісайда 80 пайызы орындалған. Бүгінге дейін 22,6 мың гектар жерде сор шаю жұмыстар атқарылып, жұмыстар жалғасуда.Облыс әкімінің орынбасары суғару кезеңі басталғанға дейін сор шаю жұмыстарын толық аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, мақта алқаптарын ұлғайту кезінде су үнемдеу әдістеріне басымдық беру қажет екенін айтты.Облыста жалпы қуаттылығы 163 мың гектар алқапты қамтуға қауқарлы су үнемдеу қондырғыларын шығаратын 4 кәсіпорын бар. Мемлекеттік қолдау аясында жалпы 5 кәсіпорын шаруаларға өз қызметін ұсынып отыр.
https://sputnik.kz/20260125/turkistan-oblysynda-kapsulaly-uyler-men-sendvich-panel-shygarylyp-zhatyr-60669744.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/14/30473938_0:0:1137:853_1920x0_80_0_0_339f79293d9c1aa0768812201bee715d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, ауыл шаруашылығы, су
түркістан облысы, ауыл шаруашылығы, су
Түркістан облысында 8 мың гектарға жуық алқапта су үнемдеу технологиясы енгізіледі
Былтыр 114 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологияларын ендіру арқылы 195 млн текше метр су үнемделді
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Түркістан облысындағы егістік алқаптарына су үнемдеу технологияларын ендіру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен жиында су үнемдеу технологиясын ендіру жоспарының орындалу барысы талқыланды. Жиынға әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
2026 жылға белгіленген меже бойынша Жетісай, Мақтаарал, Шардара аудандарындағы 77 шаруашылық 7228 гектар алқапты су үнемдеу технологиясын енгізу арқылы игеруді қолға алады.
Жер жырту бойынша жоспардың Мақтааралда 90 пайызы, Шардарада 81 пайызы, Жетісайда 80 пайызы орындалған. Бүгінге дейін 22,6 мың гектар жерде сор шаю жұмыстар атқарылып, жұмыстар жалғасуда.
"Суды ысырап қылмай, мүмкіндігінше тиімді пайдалану керек. Былтыр 114 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологияларын ендіру арқылы 195 млн текше метр су үнемделді. Осы шаруашылықтардың тәжірибесін негізге алып, диқандарға мемлекеттік қолдау жөнінде толық ақпарат ұсынуды қамтамасыз етіңіздер", – деді облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков.
Облыс әкімінің орынбасары суғару кезеңі басталғанға дейін сор шаю жұмыстарын толық аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, мақта алқаптарын ұлғайту кезінде су үнемдеу әдістеріне басымдық беру қажет екенін айтты.
Облыста жалпы қуаттылығы 163 мың гектар алқапты қамтуға қауқарлы су үнемдеу қондырғыларын шығаратын 4 кәсіпорын бар. Мемлекеттік қолдау аясында жалпы 5 кәсіпорын шаруаларға өз қызметін ұсынып отыр.