https://sputnik.kz/20260125/turkistan-oblysynda-kapsulaly-uyler-men-sendvich-panel-shygarylyp-zhatyr-60669744.html
Түркістан облысы капсулалы үйлер мен сэндвич-панель шығарып жатыр
Түркістан облысы капсулалы үйлер мен сэндвич-панель шығарып жатыр
Sputnik Қазақстан
Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 200 данаға дейін дайын өнім шығаруға жетеді 25.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-25T19:38+0500
2026-01-25T19:38+0500
2026-01-25T20:01+0500
түркістан облысы
өндіріс
жеңіл өнеркәсіп
отандық өнім
https://sputnik.kz/img/07ea/01/19/60670928_0:230:1281:950_1920x0_80_0_0_9087b5a5fbd5568a60e2a24ab0002c20.jpg
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысында шағын өндірістік паркте капсулалы үйлер мен сэндвич-панель шығарылып жатыр. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.2025 жылы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған өңір делегациясы ҚХР-ға сапар жасап, "Shandong Kamoya" зауытының жұмысымен, өндірістік қуатымен және инновациялық шешімдерімен танысып, осы жобаны жүзеге асыру мәселесін нақтылаған болатын. Сол келісім нақты іске ұласып, қазіргі уақытта Түркістан облысында "KHAN TAU" брендімен капсулалы үйлер шығарылуда. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 200 данаға дейін дайын өнім шығаруға жетеді. Аталған смарт-құрылыстарды ішкі туризмді дамыту, туристік кластерлер қалыптастыру, қалалық ортаны абаттандыру, сондай-ақ әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мақсатында пайдалануға болады. Сонымен бірге "BNK Group" компаниясы өз өндірістік базасында заманауи сэндвич-панельдер шығаруды жолға қойды. Өндірістің іске қосылуы нәтижесінде 30-ға дейін тұрақты жұмыс орны құрылды. Аталған жоба жергілікті өндірісті дамытуға, импортты алмастыруға, сондай-ақ өнеркәсіптік, азаматтық және аграрлық құрылыс салаларындағы жобаларды қолжетімді әрі сапалы құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуге бағытталған.
https://sputnik.kz/20251227/turkistan-oblysynda-zamanaui-maqta-ondeu-zauyty-ashyldy-59969812.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/01/19/60670928_0:110:1281:1070_1920x0_80_0_0_31aea2592c1aa93002aeedebe052f3f0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, өндіріс, жеңіл өнеркәсіп, отандық өнім
түркістан облысы, өндіріс, жеңіл өнеркәсіп, отандық өнім
Түркістан облысы капсулалы үйлер мен сэндвич-панель шығарып жатыр
19:38 25.01.2026 (жаңартылды: 20:01 25.01.2026) Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 200 данаға дейін дайын өнім шығаруға жетеді
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысында шағын өндірістік паркте капсулалы үйлер мен сэндвич-панель шығарылып жатыр. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2025 жылы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған өңір делегациясы ҚХР-ға сапар жасап, "Shandong Kamoya" зауытының жұмысымен, өндірістік қуатымен және инновациялық шешімдерімен танысып, осы жобаны жүзеге асыру мәселесін нақтылаған болатын.
Сол келісім нақты іске ұласып, қазіргі уақытта Түркістан облысында "KHAN TAU" брендімен капсулалы үйлер шығарылуда.
"Облыс әкімдігінің тікелей қолдауымен салынған шағын өндірістік паркте инвесторлар үшін жаңа ғимараттар бой көтерген. Солардың бірінде "BNK Group" компаниясы Қытайдың "SHANDONG CAMOVA WISDOM CULTURE TRAVEL" компаниясымен бірлесіп, капсулалы экоқонақүйлерді және өзге де инновациялық модульдік нысандарды қамтитын заманауи смарт-құрылыстар өндірісін іске қосқан", - делінген хабарламада.
Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 200 данаға дейін дайын өнім шығаруға жетеді. Аталған смарт-құрылыстарды ішкі туризмді дамыту, туристік кластерлер қалыптастыру, қалалық ортаны абаттандыру, сондай-ақ әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мақсатында пайдалануға болады.
Сонымен бірге "BNK Group" компаниясы өз өндірістік базасында заманауи сэндвич-панельдер шығаруды жолға қойды.
"Жоба аясында тәулігіне 1 000 шаршы метрге дейін дайын өнім өндіруге мүмкіндік беретін жоғары технологиялық өндірістік желі іске қосылды. Бұл құрылыс және инфрақұрылымдық жобаларды сапалы құрылыс материалдарымен жедел қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Өндірілетін сэндвич-панельдер заманауи талаптарға толық сай келеді", - дейді әкімдік.
Өндірістің іске қосылуы нәтижесінде 30-ға дейін тұрақты жұмыс орны құрылды. Аталған жоба жергілікті өндірісті дамытуға, импортты алмастыруға, сондай-ақ өнеркәсіптік, азаматтық және аграрлық құрылыс салаларындағы жобаларды қолжетімді әрі сапалы құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуге бағытталған.