Түркістан облысында егіс алқабын жасанды интеллект бақылайтын зауыт ашылды

Түркістан облысында заманауи мақта өңдеу зауыты ашылды
Түркістан облысында заманауи мақта өңдеу зауыты ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2025
Жазылу
Мұнда өңделген мақта Түркістандағы зауытта жіпке, матаға айналады
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Түркістан облысында соңғы үлгідегі ақылды технологиялармен қамтылған заманауи мақта өңдеу зауыты ашылды, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Заманауи мақта өңдеу зауыты Отырар ауданына қарасты Қарақоңыр ауылдық округінде орналасқан. Зауыт іске қосылуымен 279 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
"Жаңа мақта анроөнеркәсіп кешенінде жасанды интеллект жүйесі енгізілген. Ақылды басқару орталығында жасанды интеллект арқылы басқару, бақылау, реттеу жұмыстары жүзеге асады. Егіс алқабы, зауыттар түгел бақыланып отырады. Су, мақтаның өсу барысы, жердің ылғалдылығын да қадағалау жүйесі енгізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Зауыттың 20 мың өңделген мақта сақтайтын алып қоймасы бар. Мұндай қоймалар саны артады. Мұнда өңделген мақта Түркістандағы зауытта жіпке, матаға айналады.
Оған қоса өңделген мақта Еуропа мен Қытайдағы фабрикаларға экспортталады деп жоспарланып отыр. Ал мақтаның шитінен мал шаруашылығына қажетті жем шығарылып жатыр.
Тараз қаласында су ресурстарын басқаруға арналған смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.12.2025
Таразда су ресурстарын басқаруға арналған смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады
Жаңалықтар
0