https://sputnik.kz/20251215/tarazda-su-resurstaryn-basqaruga-arnalgan-smart-tekhnologiyalar-shygaratyn-zauyt-salynady-59605728.html
Таразда су ресурстарын басқаруға арналған смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады
Таразда су ресурстарын басқаруға арналған смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады
Sputnik Қазақстан
Су ресурстары және ирригация министрлігі мен қытайлық компаниялар консорциумы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды 15.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-15T08:53+0500
2025-12-15T08:53+0500
2025-12-15T08:53+0500
су
қытай
компания
өндіріс
кәсіпорын
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/0f/59605897_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_9522e33116d11c3a7760fbfe9d318dbb.jpg
АСТАНА, 15 желтоқсан - Sputnik. Тараз қаласында су ресурстарын басқаруға арналған смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады, деп хабарлайды Су ресурстары және ирригация министрлігі.Министрлік қытайлық компаниялар консорциумымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Кәсіпорын цифрлық шешімдер өндіруге маманданады. Атап айтқанда, су ресурстарын бөлуді автоматты түрде бақылау және басқару жүйелері, су деңгейі мен сапасын өлшейтін датчиктер, ирригация желілерін диспетчерлеуге арналған бағдарламалық-аппараттық кешендер, сондай-ақ су тасқыны мен төтенше жағдайларды ерте ескерту жүйелері шығарылады. Зауыттың іске қосылуы Қытайда қолданылатын озық технологияларды жергілікті жағдайға бейімдеуге, білім мен тәжірибе трансферін қамтамасыз етуге және Қазақстанның су шаруашылығы саласына заманауи стандарттарды енгізуге мүмкіндік береді. Кәсіпорын "өндіріс – білім – ғылым" қағидаты бойынша жұмыс істейтін интеграцияланған орталықтың бір бөлігі болады деп күтіліп отыр. Мұнда жабдық өндірумен қатар, мамандар даярлау, кадрлардың біліктілігін арттыру және цифрлық шешімдерді еліміздің климаттық және гидрологиялық жағдайына бейімдеу жұмыстары жүргізіледі. Жобаны жүзеге асыру ирригация жүйелерінің тиімділігін арттыруға, су шығынын азайтуға және Қазақстанның су қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.
https://sputnik.kz/20251204/13-mln-gektar-suarmaly-zherge-su-unemdeu-zhuyeleri-engiziledi-59352448.html
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/0f/59605897_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_2643511ca1ee4c61dcd5703a83367b2f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су, қытай, компания, өндіріс, кәсіпорын
су, қытай, компания, өндіріс, кәсіпорын
Таразда су ресурстарын басқаруға арналған смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады
Су ресурстары және ирригация министрлігі мен қытайлық компаниялар консорциумы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
АСТАНА, 15 желтоқсан - Sputnik. Тараз қаласында су ресурстарын басқаруға арналған смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады, деп хабарлайды Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Министрлік қытайлық компаниялар консорциумымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Кәсіпорын цифрлық шешімдер өндіруге маманданады. Атап айтқанда, су ресурстарын бөлуді автоматты түрде бақылау және басқару жүйелері, су деңгейі мен сапасын өлшейтін датчиктер, ирригация желілерін диспетчерлеуге арналған бағдарламалық-аппараттық кешендер, сондай-ақ су тасқыны мен төтенше жағдайларды ерте ескерту жүйелері шығарылады.
Зауыттың іске қосылуы Қытайда қолданылатын озық технологияларды жергілікті жағдайға бейімдеуге, білім мен тәжірибе трансферін қамтамасыз етуге және Қазақстанның су шаруашылығы саласына заманауи стандарттарды енгізуге мүмкіндік береді.
"Біз бірнеше бағыт бойынша бірлесіп жұмыс істеуге келістік. Ең алдымен, автоматтандыру мен цифрландыруды міндетті түрде енгізе отырып, ирригация жүйелерін реконструкциялау. Екіншісі - кадр даярлау. Соңғы екі жылда біз қытайлық кәсіпорындармен белсенді ынтымақтастық орнаттық", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Кәсіпорын "өндіріс – білім – ғылым" қағидаты бойынша жұмыс істейтін интеграцияланған орталықтың бір бөлігі болады деп күтіліп отыр. Мұнда жабдық өндірумен қатар, мамандар даярлау, кадрлардың біліктілігін арттыру және цифрлық шешімдерді еліміздің климаттық және гидрологиялық жағдайына бейімдеу жұмыстары жүргізіледі. Жобаны жүзеге асыру ирригация жүйелерінің тиімділігін арттыруға, су шығынын азайтуға және Қазақстанның су қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.