1,3 млн гектар суармалы жерге су үнемдеу жүйелері енгізіледі

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуСуару
Суару - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.12.2025
Жазылу
Су үнемдеу технологияларын қолданатын егістік алқабы жыл сайын 150 мың гектардан астамға ұлғайды
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Қызылорда облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдар лимитін анықтайтын жұмыс тобы құрылады, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.
Жұмыс тобының құрамына Су ресурстары және ирригация министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандары, облыс әкімдігінің өкілдері және жергілікті фермерлер кіреді.
Ведомство хабарлауынша, 2026-2028 жылдарға арналған су үнемдеу технологияларын енгізуді қолдауға және суару суының құнын субсидиялауға арналған жалпы сипаттағы трансферттер шеңберінде алдыңғы үш жылдық кезеңге қарағанда 4 есе көп қаражат көзделген.
"Қабылданған шаралардың нәтижесінде су үнемдеу технологияларын қолданатын егістік алқабы жыл сайын 150 мың гектардан астамға ұлғайды: 2024 жылы – 153 мың га, 2025 жылы – 154 мың га. 2030 жылға қарай Қазақстандағы суармалы жерлердің 1,3 млн гектарына су үнемдеу жүйелерін енгізу жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі таңда ел бойынша су үнемдеу технологиялары 543,5 мың гектар алқапқа енгізілген, оның ішінде Қызылорда облысында – 65 мың га, оның 60 мың гектары лазерлік тегістегішпен тегістелген күріш алқаптары. Облыста жаңбырлатып суару 2,3 мың гектарды, ал тамшылатып суару жүйелері 2,7 мың гектарды қамтиды.
Суару алқабы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2025
Түркістан облысында суару суын пайдалану ережесін бұзған 65 дерек анықталды
Жаңалықтар
0