Түркістан облысында суару суын пайдалану ережесін бұзған 65 дерек анықталды

© Photo : Предоставлено пресс-службой министерства водных ресурсов и ирригации КазахстанаСуару алқабы
Суару алқабы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2025
Жазылу
Басым бөлігі суармалы суды жеткізушінің келісімінсіз өсірілген дақылдарды су көп қажет ететін дақылдарға өз бетінше ауыстыруға қатысты
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Түркістан облысының Жетісай ауданында суару суын пайдалану ережелерін бұзған 65 деректі анықталды, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.
Анықталған 65 фактінің 61-і суармалы суды жеткізушінің келісімінсіз өсірілген дақылдарды су көп қажет ететін дақылдарға өз бетінше ауыстыруға қатысты. Тағы 3 жағдайда күріш алқаптарын суару су жеткізу туралы келісімшартсыз жүргізілген.
"Су нысандарын тұрақты бақылаумен айналысатын төрт жұмыс тобы құрылды, су заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтіліп, суару суын пайдалану ережелері қабылданды. Құқық қорғау органдары суару суын әділ бөлу мен оны заңсыз пайдалануға қарсы күресте маңызды рөл атқарады. Мониторингтік топтардың құрамына құқық қорғау органдары өкілдерін қосу олардың тиімділігін арттырады", – деді ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов.
Биыл 10 маусымнан бастап суару суын пайдалану ережелері күшіне енгенін еске сала кетейік. Бұл ережелерге сәйкес, келісімшартсыз су тұтынғаны үшін бекітілген тарифтің екі еселенген мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Ал су берушінің келісімінсіз өсірілетін дақылдардың түрін өзгерткені үшін бекітілген тарифтің 1,5 еселенген мөлшерінде айыппұл салынады.
Вода - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2025
Солтүстік Қазақстанда су құбырын тартуға 45 млрд теңге бөлінді
Жаңалықтар
0