Қазақстанда отбасын қорғау мәселелері жөніндегі уәкіл болады

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуМалыш на плечах у взрослого, архивное фото
Малыш на плечах у взрослого, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2026
Жазылу
Бұл қоғамдық лауазым адам құқықтарының қорғалуы мен отбасы институтын күшейтуге тиіс
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Қазақстанда отбасын қорғау мәселелері жөніндегі уәкіл қызметі енгізіледі. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл қоғамдық лауазым адам құқықтарының қорғалуы мен отбасы институтын күшейтуге тиіс.
"Отбасы омбудсмені президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының бірінші орынбасары ретінде қызмет етіп, атқарылған істер туралы мемлекет басшысына есеп беріп отырады", - деді Тоқаев Ақорадағы салтанатты жиында.
Президенттің айтуынша, мұндай жүйе тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын кешенді түрде жолға қоюмен қатар, отбасы саясатындағы басқа маңызды түйткілдерді шешуге мүмкіндік береді.
Тоқаев мереке қарсаңында бір топ қыз-келіншекті мемлекеттік наградамен марапаттады - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2026
Тоқаев мереке қарсаңында бір топ қыз-келіншекті мемлекеттік наградамен марапаттады
Жаңалықтар
0