https://sputnik.kz/20260305/qostanay-oblysynda-tasqyn-sudy-qabyldaytyn-qoymalardy-461-mln-tekshe-metr-bos-oryn-bar-61639968.html
Қостанай облысында тасқын суды қабылдайтын қоймаларда 461 млн текше метр бос орын бар
Қостанай облысында тасқын суды қабылдайтын қоймаларда 461 млн текше метр бос орын бар
Sputnik Қазақстан
Ал болжанып отырған су көлемі 459 млн текше метрге дейін жетуі мүмкін 05.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-05T13:23+0500
2026-03-05T13:23+0500
2026-03-05T13:30+0500
қостанай облысы
су тасқыны
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e7/04/06/33644114_0:0:3359:1890_1920x0_80_0_0_c375a5bd30f5b0911fff59e0e32c9fdf.jpg
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Қостанай облысындағы ірі су қоймаларында 461 млн текше метр бос сыйымдылық бар, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі."Қазсушар" филиалы Жоғарғы Тобыл және Қаратомар су қоймаларында бос сыйымдылық дайындау жұмыстарын жүргізді. Бұл су қоймалары көктемгі су тасқыны кезінде толығады.Атап айтқанда, Жоғарғы Тобыл су қоймасы 70%-ға, ал Қаратомар су қоймасы 63%-ға толған.Көктемгі су тасқынын қауіпсіз өткізу және гидротехникалық нысандардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында арнайы комиссия құрылып, іс-қимыл жоспары бекітілді. Қостанай филиалы нысандарында кіреберіс жолдар мен аумақтарды қардан тазарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп жатыр.Осы мақсатта қажетті инертті материалдар мен жанар-жағармай қоры дайындалды. Су тасқыны кезеңіне 36 техника әзірленді., дейді минситрлікте.
https://sputnik.kz/20260223/cu-tasqynyna-dayyndyq-qazaqstan-men-resey-su-dengeyi-turaly-kunde-aqparat-almasady--61392654.html
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/06/33644114_346:0:3077:2048_1920x0_80_0_0_b044467d4420da5e62833bb09a346016.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай облысы, су тасқыны, министрлік
қостанай облысы, су тасқыны, министрлік
Қостанай облысында тасқын суды қабылдайтын қоймаларда 461 млн текше метр бос орын бар
13:23 05.03.2026 (жаңартылды: 13:30 05.03.2026) Ал болжанып отырған су көлемі 459 млн текше метрге дейін жетуі мүмкін
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Қостанай облысындағы ірі су қоймаларында 461 млн текше метр бос сыйымдылық бар, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.
"Қазсушар" филиалы Жоғарғы Тобыл және Қаратомар су қоймаларында бос сыйымдылық дайындау жұмыстарын жүргізді. Бұл су қоймалары көктемгі су тасқыны кезінде толығады.
"Қазіргі таңда су қоймаларындағы жалпы бос сыйымдылық 461 млн текше метрді құрайды. Бұл жобалық көлемнің 33 пайызына тең. Ал болжанып отырған су көлемі 459 млн текше метрге дейін жетуі мүмкін", - деп жазылған хабарламада.
Атап айтқанда, Жоғарғы Тобыл су қоймасы 70%-ға, ал Қаратомар су қоймасы 63%-ға толған.
Көктемгі су тасқынын қауіпсіз өткізу және гидротехникалық нысандардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында арнайы комиссия құрылып, іс-қимыл жоспары бекітілді. Қостанай филиалы нысандарында кіреберіс жолдар мен аумақтарды қардан тазарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп жатыр.
Осы мақсатта қажетті инертті материалдар мен жанар-жағармай қоры дайындалды. Су тасқыны кезеңіне 36 техника әзірленді., дейді минситрлікте.