https://sputnik.kz/20260303/toqaevqa-munay-ondeudi-ulgaytu-zhospary-tanystyryldy-61590184.html
Тоқаевқа мұнай өңдеуді ұлғайту жоспары таныстырылды
Тоқаевқа мұнай өңдеуді ұлғайту жоспары таныстырылды
Sputnik Қазақстан
Президентке мұнай саласында орнықты динамика сақталып тұрғаны айтылды 03.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-03T19:22+0500
2026-03-03T19:22+0500
2026-03-03T19:22+0500
қасым-жомарт тоқаев
мұнай
мұнай өңдеу зауыты
https://sputnik.kz/img/07ea/01/09/60249272_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_c9656aa2149eda9c1b5919312238969f.jpg
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа мұнай өңдеуді ұлғайту жоспарын баяндады, деп хабарлайды Ақорда.Атап айтқанда, Шымкент мұнай өңдеу зауыты жылына – 6-дан 12 миллион тоннаға, Атырау мұнай өңдеу зауыты – 5,5-тен 6,7 миллион тоннаға және Павлодар мұнай-химия зауыты 5,5-тен 9 миллион тоннаға дейін өндірістік қуатын арттырады.Сондай-ақ Ерлан Ақкенженов 2029 жылға дейін салынатын жаңа энергетикалық нысандар жайында мәлімет берді.Кездесу соңында президент отын-энергетика секторын одан әрі дамыту, соның ішінде мұнай-газ, мұнай-газ химиясы және электр энергиясы салаларында жоспарланған жобаларды уақтылы әрі сапалы жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырма берді.Мемлекет басшысы өндірістік нысандардың тиімділігін арттыру үшін цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын белсенді түрде енгізу маңызды екеніне тоқталды.
https://sputnik.kz/20260302/iranga-zhasalgan-shabuyldardan-keyin-brent-markaly-munay-bagasy-qymbattady-61533291.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/01/09/60249272_122:0:1082:720_1920x0_80_0_0_7f321b6e1b8804253f2d265ada4b8377.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, мұнай, мұнай өңдеу зауыты
қасым-жомарт тоқаев, мұнай, мұнай өңдеу зауыты
Тоқаевқа мұнай өңдеуді ұлғайту жоспары таныстырылды
Президентке мұнай саласында орнықты динамика сақталып тұрғаны айтылды
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа мұнай өңдеуді ұлғайту жоспарын баяндады, деп хабарлайды Ақорда.
Атап айтқанда, Шымкент мұнай өңдеу зауыты жылына – 6-дан 12 миллион тоннаға, Атырау мұнай өңдеу зауыты – 5,5-тен 6,7 миллион тоннаға және Павлодар мұнай-химия зауыты 5,5-тен 9 миллион тоннаға дейін өндірістік қуатын арттырады.
Сондай-ақ Ерлан Ақкенженов 2029 жылға дейін салынатын жаңа энергетикалық нысандар жайында мәлімет берді.
"Биыл Алматы қаласында екінші жылу электр орталығының құрылысы аяқталады. Сонымен қатар Қызылорда мен Түркістан облыстарында бу-газ қондырғылары базасында электр станциясы бой көтереді. Бұдан бөлек, "Көмір өндіруді дамыту" ұлттық жобасының әзірлену барысы туралы ақпарат ұсынды", - деп жазылған хабарламада.
Кездесу соңында президент отын-энергетика секторын одан әрі дамыту, соның ішінде мұнай-газ, мұнай-газ химиясы және электр энергиясы салаларында жоспарланған жобаларды уақтылы әрі сапалы жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырма берді.
Мемлекет басшысы өндірістік нысандардың тиімділігін арттыру үшін цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын белсенді түрде енгізу маңызды екеніне тоқталды.