https://sputnik.kz/20260302/iranga-zhasalgan-shabuyldardan-keyin-brent-markaly-munay-bagasy-qymbattady-61533291.html
Иранға жасалған шабуылдардан кейін Brent маркалы мұнай бағасы қымбаттады
Иранға жасалған шабуылдардан кейін Brent маркалы мұнай бағасы қымбаттады
Sputnik Қазақстан
Әлемдік нарықтарда алтын мен күміс бағасы да өсті 02.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-02T09:49+0500
2026-03-02T09:49+0500
2026-03-02T09:49+0500
мұнай
алтын өндіру
баға
https://sputnik.kz/img/09/85/098525_0:249:2757:1800_1920x0_80_0_0_a42928d3782654a80544301ebba586e1.jpg
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі аясында әлемдік мұнай бағасы 9-10%-ға өсіп жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.Сауда мәліметтері бойынша, 2025 жылдың 23 маусымынан бері алғаш рет Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 80 доллардан асты.Дүйсенбі таңертең Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстерінің бағасы алдыңғы бағамен салыстырғанда 10,4%-ға өсіп, барреліне 80,03 долларға жетті. Бұл өткен жылдың 23 маусымынан бері алғаш рет баға 80 доллардан асуы. WTI сәуір айындағы фьючерстері 9,43%-ға өсіп, 74,90 долларға жетті.Алтын мен күміс те қымбаттап, сәйкесінше троя унциясына 1,8 пайызға, яғни 5334 долларға және 2,94 пайызға өсіп, троя унциясына 96,04 долларға жетті.АҚШ пен Израиль сенбі күні Тегеранды қоса алғанда, Ирандағы нысандарға шабуыл жасай бастады. Салдарынан қираулар мен бейбіт тұрғындардың қаза табуы туралы хабарламалар тарады. Иран Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыстағы АҚШ әскери нысандарына жауап ретінде шабуыл жасап жатыр.Иранға шабуылдар Вашингтон мен Тегеран арасындағы Иранның ядролық мәселесі бойынша келіссөздерге қарамастан жасалды. Келіссөздердің соңғы кезеңі 26 ақпанда Женевада өтті.Шабуыл Иранның Жоғарғы көсемі аятолла Әли Хаменеидің қазасына әкеп соқты. Ел 40 күндік аза тұту жариялады.
https://sputnik.kz/20260302/aqsh-iranga-shabuyldy-4-5-apta-boyy-zhalgastyrudy-zhosparlap-otyr---tramp-61532476.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/09/85/098525_14:0:2745:2048_1920x0_80_0_0_95c0507ef093cd8ab581d8267cb11504.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, алтын өндіру, баға
мұнай, алтын өндіру, баға
Иранға жасалған шабуылдардан кейін Brent маркалы мұнай бағасы қымбаттады
Әлемдік нарықтарда алтын мен күміс бағасы да өсті
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі аясында әлемдік мұнай бағасы 9-10%-ға өсіп жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.
Сауда мәліметтері бойынша, 2025 жылдың 23 маусымынан бері алғаш рет Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 80 доллардан асты.
Дүйсенбі таңертең Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстерінің бағасы алдыңғы бағамен салыстырғанда 10,4%-ға өсіп, барреліне 80,03 долларға жетті. Бұл өткен жылдың 23 маусымынан бері алғаш рет баға 80 доллардан асуы. WTI сәуір айындағы фьючерстері 9,43%-ға өсіп, 74,90 долларға жетті.
Алтын мен күміс те қымбаттап, сәйкесінше троя унциясына 1,8 пайызға, яғни 5334 долларға және 2,94 пайызға өсіп, троя унциясына 96,04 долларға жетті.
АҚШ пен Израиль сенбі күні Тегеранды қоса алғанда, Ирандағы нысандарға шабуыл жасай бастады. Салдарынан қираулар мен бейбіт тұрғындардың қаза табуы туралы хабарламалар тарады. Иран Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыстағы АҚШ әскери нысандарына жауап ретінде шабуыл жасап жатыр.
Иранға шабуылдар Вашингтон мен Тегеран арасындағы Иранның ядролық мәселесі бойынша келіссөздерге қарамастан жасалды. Келіссөздердің соңғы кезеңі 26 ақпанда Женевада өтті.
Шабуыл Иранның Жоғарғы көсемі аятолла Әли Хаменеидің қазасына әкеп соқты. Ел 40 күндік аза тұту жариялады.