Қазақстан Иран бойынша келіссөздер алаңын ұсынуға дайын - СІМ

© Sputnik / Санат ИмангалиевСыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев
Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2026
Жазылу
Қазақстанда Сирия бойынша келіссөздердің 20-дан астам раунды өткен болатын
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты Қазақстанның ұстанымын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін президент араб елдерінің жасалған шабуылдарға қатысты алаңдаушылық білдірген болатын. Ал министрлік Ирандағы бейбіт тұрғындардың қазасына қатысты көңіл айтқан.
"Қазақстан өзге елдердің ісіне араласпайды. Осындай ұстанымды ұстадық, ұстап отырмыз және ұстай береміз. Сондықтан дәл осы жағдайда Иранды да, шабуылға тап болған елдерді де, ешкімді жақтап отырған жоқпыз", - деді Бақаев үкіметтегі брифингте.
Осы орайда министрдің орынбасары Қазақстанның Иран бойынша келіссөздер алаңын ұсынуға дайын екенін де жеткізді. Бұған дейін Алматыда ондай келіссөздер болған.
"Сосын Қазақстанда Сирия бойынша келіссөздердің 20-дан астам раунды өткен болатын. Соның арқасында қақтығыстың өршуіне жол берілмеді", - деді Бақаев.
Аэропорт Алматы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2026
БАӘ мен Қатарда билетсіз жүрген қазақстандықтарды елге қалай қайтарады
Жаңалықтар
0