https://sputnik.kz/20260303/oskemen-auezhayynyn-buryngy-basshysy-8-zhylga-sottaldy-61587834.html
Өскемен әуежайының бұрынғы басшысы 8 жылға сотталды
Өскемен әуежайының бұрынғы басшысы 8 жылға сотталды
Sputnik Қазақстан
Үш сотталушы да өз кінәсін толығымен мойындаған жоқ 03.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-03T17:23+0500
2026-03-03T17:23+0500
2026-03-03T17:23+0500
өскемен
әуежай
сот үкімі
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_6deb2211ca90f488731622230f819646.jpg
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Өскемен қаласында әуежайдың бұрынғы басшылығына қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық сотқа сілтеме жасап.Әуежейдің бұрынғы президенті, атқарушы директоры мен материалдық-техникалық бөлім басшысы бөтен мүлікті аса ірі көлемде бірнеше рет жымқырғаны үшін айыпталды.Тергеу материалына сәйкес, олар 2018-2023 жылдар аралығында қызмет көрсетуші компанияларға келісімшартпен төлем жасаған. Бірақ келісімшарттағы сома пен нақты төленген ақшаның арасындағы айырманы өз қалтасына басып отырған.Сотта үшеуі де өз кінәсін толығымен мойындаған жоқ. Ал судья екеуін бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Атап айтқанда, әуежайдың бұрынғы президенті 8 жылға сотталды. Атқарушы директор 7 жыл түрмеде отырады. Бірақ кәмелет жасқа толмаған баласы болғандықтан, жазаны өтеу міндеті баласы кейінге шегерілді. Ал материалдық-техникалық бөлім басшысына 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы кесілді. Биылғы рақымшылық заңы аясында жазаның мерзімі бір жылға қысқартылды.Сонымен қатар сот "Өскемен әуежайы" АҚ-ның азаматтық талап арызын қанағаттандырды. Оған сәйкес, әуежайдың бұрынғы басшысы 120 512 179 теңгені қайтаруға міндеттелді. Бұдан бөлек, экс-басшы атқарушы директормен бірге 18 718 914 теңге, сондай-ақ бұрынғы атқарушы директор бөлім басшысымен бірге 2 127 501 теңгені төлеп беруге міндетті.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20260223/aviaotyn-saudasyndagy-zansyzdyq-turkistan-khalyqaralyq-auezhayyna-ayyppul-salyndy-61388468.html
өскемен
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_223:0:2954:2048_1920x0_80_0_0_a69e5681614903ce37291f43e578aff7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өскемен, әуежай, сот үкімі
өскемен, әуежай, сот үкімі
Өскемен әуежайының бұрынғы басшысы 8 жылға сотталды
Үш сотталушы да өз кінәсін толығымен мойындаған жоқ
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Өскемен қаласында әуежайдың бұрынғы басшылығына қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыстық сотқа сілтеме жасап.
Әуежейдің бұрынғы президенті, атқарушы директоры мен материалдық-техникалық бөлім басшысы бөтен мүлікті аса ірі көлемде бірнеше рет жымқырғаны үшін айыпталды.
Тергеу материалына сәйкес, олар 2018-2023 жылдар аралығында қызмет көрсетуші компанияларға келісімшартпен төлем жасаған. Бірақ келісімшарттағы сома пен нақты төленген ақшаның арасындағы айырманы өз қалтасына басып отырған.
Сотта үшеуі де өз кінәсін толығымен мойындаған жоқ. Ал судья екеуін бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Атап айтқанда, әуежайдың бұрынғы президенті 8 жылға сотталды. Атқарушы директор 7 жыл түрмеде отырады. Бірақ кәмелет жасқа толмаған баласы болғандықтан, жазаны өтеу міндеті баласы кейінге шегерілді. Ал материалдық-техникалық бөлім басшысына 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы кесілді. Биылғы рақымшылық заңы аясында жазаның мерзімі бір жылға қысқартылды.
Сонымен қатар сот "Өскемен әуежайы" АҚ-ның азаматтық талап арызын қанағаттандырды. Оған сәйкес, әуежайдың бұрынғы басшысы 120 512 179 теңгені қайтаруға міндеттелді. Бұдан бөлек, экс-басшы атқарушы директормен бірге 18 718 914 теңге, сондай-ақ бұрынғы атқарушы директор бөлім басшысымен бірге 2 127 501 теңгені төлеп беруге міндетті.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.