Авиаотын саудасындағы заңсыздық: Түркістан халықаралық әуежайына айыппұл салынды

© Sputnik/Ертай СарбасовТүркістан әуежайы
Түркістан әуежайы - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2026
Жазылу
Сот қаулысымен әуежайға 14,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik.Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Түркістан халықаралық әуежайының жұмысында заңға қайшы әрекеттерді анықтады.
Облыстық департамент авиаотынды бөлшек саудада өткізу нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жүргізген. Талдау нәтижесінде Кәсіпкерлік кодексінің баын бұзу белгілері анықталды.
Осыған байланысты Түркістан халықаралық әуежайы АҚ-ға қатысты тергеп-тексеру тағайындалды.
"Тергеу барысында әуежайдың тиісті нарықта үстем жағдайға ие бола отырып, авиаотынды бөлшек саудада өткізетін кәсіпкерлік субъектісінен әуежай аумағында сату құқығы үшін алым өндіргені белгілі болды", - деп жазылған хабарламада.
Түркістан қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен әуежай әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 14,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2026
"Мені алып қашты": әлеуметтік желіде жарияланған видео үшін айыппұл салынды
Жаңалықтар
0