Таяу Шығыста жүрген қазақстандықтарға тегін интернет берілді

© AP Photo / Kiichiro SatoМужчина держит в руках айфон
Мужчина держит в руках айфон - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2026
Жазылу
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Таяу Шығыс елдерінде жүрген Қазақстан азаматтарына тегін ұялы байланыс пен интернет берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, қазіргі геосаяси жағдайға байланысты шетелде жүрген қазақстандықтар үшін арнайы байланыс пакеттері іске қосылды. Соның арқасында олар жақындарымен тұрақты түрде хабарласа алады.
"Бұл пакеттер төменде көрсетілген елдерде болған уақытта интернет пен қоңырауларды тегін пайдалануға мүмкіндік береді. Қолдау шаралары туралы толық ақпаратты мобильді операторлардың ресми сайтынан немесе мобильді қосымшалар арқылы білуге болады", - делінген ресми хабарламада.
Осы орайда министрлік қолдау шараларын жедел іске қосқан байланыс операторларына алғыс білдірді.
Айта кетері, туристік компаниялар арқылы Біріккен Араб Әмірліктері мен Қатарға барған қазақстандықтардың саны 4 мың адамнан асады. Бұдан бөлек, жүздеген отандасымыз Мекке мен Мединада жүр. Қазіргі кезде барлығы қонақ үйлерге орналастырылды.
Астанадағы Иран елшілігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2026
Қақтығыс аймағында жүрген қазақстандық туристерге қандай көмек көрсетілді
Жаңалықтар
0