Ресейден әкелінген қызанақтардан вирус анықталды

© Sputnik / Санат ИмангалиевҚызанақ
Қызанақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2026
Жазылу
Қадағалау жүргізу барысында Ресей Федерациясынан әкелінген қызанақ тұқымдарының 130 қаптамасынан сынама алынды
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Қызанақ тұқымдарының арасынан карантиндік вирус анықталды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қарағанды облысында мемлекеттік инспектор карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу барысында Ресей Федерациясынан әкелінген қызанақ тұқымдарының 130 қаптамасынан сынама алды.
"Фитосанитария" РМК жүргізген карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысы бойынша зерттелген үлгілерден карантиндік нысандар қатарына жататын қызанақ жемістерінің қоңыр қатпарлы вирусы (Tomato brown rugose fruit virus, ToBRFV) анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Әкімшілік іс материалдары Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі сыртқы саудаға қатысушыларға ел аумағына карантинге жатқызылған өнімді әкелу кезінде өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптары мен фитосанитариялық нормаларды қатаң сақтау қажеттігін еске салды.
Қызанақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2026
Қазақстанға әкелінген қызанақтан қауіпті вирус анықталды
Жаңалықтар
0