https://sputnik.kz/20260115/qazaqstanga-akelingen-qyzanaqtan-qauipti-virus-anyqtaldy-60422001.html
Қазақстанға әкелінген қызанақтан қауіпті вирус анықталды
Қазақстанға әкелінген қызанақтан қауіпті вирус анықталды
Sputnik Қазақстан
Шетелдік қауіпті өнім әуежайда анықталды 15.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-15T20:12+0500
2026-01-15T20:12+0500
2026-01-15T20:21+0500
астана
әуежай
қызанақ
https://sputnik.kz/img/old/881/38/8813863_0:159:3077:1890_1920x0_80_0_0_3183c70dcfab2d71029b2441443d9c59.jpg
АСТАНА, 15 қаңтар - Sputnik. Қазақстанға залалданған карантинге жатқызылған өнім әкелінген. Бұл факт Астана әуежайында анықталды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.Қауіпті вирусы бар өнім халықаралық әуежайдың фитосанитариялық бақылау бекетінде анықталды.Бұл вирус ауыл шаруашылығы өндірісіне, әсіресе көкөніс шаруашылығына елеулі зиян келтіруге қабілетті аса қауіпті карантиндік объектілердің қатарына жатады және елдің фитосанитариялық қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіреді.Карантинге жатқызылған өнімнің иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды. Іс материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.Ауыл шаруашылығы министрлігі сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға карантинге жатқызылған өнімді Қазақстанға әкелу кезінде карантиндік фитосанитариялық заңнама талаптарын қатаң сақтауды ескертеді.
https://sputnik.kz/20240603/shetelden-akelingen-60-tonna-qyzanaqtan-virus-tabyldy-44716399.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/881/38/8813863_174:0:2905:2048_1920x0_80_0_0_af833ab0e22e11392a307c44d1414111.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, әуежай, қызанақ
Қазақстанға әкелінген қызанақтан қауіпті вирус анықталды
20:12 15.01.2026 (жаңартылды: 20:21 15.01.2026) Шетелдік қауіпті өнім әуежайда анықталды
АСТАНА, 15 қаңтар - Sputnik. Қазақстанға залалданған карантинге жатқызылған өнім әкелінген. Бұл факт Астана әуежайында анықталды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы
министрлігі.
Қауіпті вирусы бар өнім халықаралық әуежайдың фитосанитариялық бақылау бекетінде анықталды.
"Фитосанитариялық іс-шаралар нәтижесінде Кореядан әкелінген, алайда шығу тегі үндістандық қызанақ тұқымдарынан карантиндік объект — қызанақ жемістерінің қоңыр қатпарлы вирусы (Tomato brown rugose fruit virus) анықталды", - дейді министрлікте.
Бұл вирус ауыл шаруашылығы өндірісіне, әсіресе көкөніс шаруашылығына елеулі зиян келтіруге қабілетті аса қауіпті карантиндік объектілердің қатарына жатады және елдің фитосанитариялық қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіреді.
Карантинге жатқызылған өнімнің иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды. Іс материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға карантинге жатқызылған өнімді Қазақстанға әкелу кезінде карантиндік фитосанитариялық заңнама талаптарын қатаң сақтауды ескертеді.