Түркістанда "лайк" үшін адамдардың өміріне қауіп төндірген қыз ұсталды

© Photo : Polisia.kzПолицей формасы
Полицей формасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2026
Жазылу
Полиция оқиғаның видеосын жариялады
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Түркістанда полиция қызметкерлері "лайк" үшін басқалардың өміріне қауіп төндірген жүргізуші қызды жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Тәртіп сақшыларының әлеуметтік желілерге жүргізген мониторингі нәтижесінде "Chevrolet Monza" маркалы автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны анықталды. Полиция оқиғаның видеосын жариялады.
Атап айтқанда жүргізуші қыз жол белгілері мен жол таңбаларының талаптарын сақтамай, қауіпті маневр жасаған. Салдарынан өзге жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндірген.
"Аталған дерек бойынша құқық бұзушыға қатысты жол жүрісі қағидаларын бұзу арқылы жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіру немесе авариялық жағдай туындату және жол белгілері мен жол таңбалары талаптарын сақтамау баптары бойынша әкімшілік шара көріліп, автокөлік айыптұраққа қойылды", - деп жазылған облыстық полицияның хабарламасында.
Полицейлер қауіпсіздік талаптарын елемеу адам өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін еске салды.
Знак аварийной остановки на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2026
Абай облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды
Жаңалықтар
0