Абай облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды

© Photo : Rico_LoebЗнак аварийной остановки на дороге
Знак аварийной остановки на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2026
Жазылу
Тағы үш адам түрлі дене жарақатын алған
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Абай облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция.
Республикалық маңызы бар "Омбы – Майқапшағай" автожолында болған трагедия туралы хабарлама 19 ақпанда сағат 15:25-те түскен.
"Алдын ала мәлімет бойынша аталған автожолдың 867-шақырымында, Салқын-Төбе ауылының маңында Lada Priora және Chevrolet Cobalt маркалы автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан", - деп жазылған хабарламада.
Жол апаты салдарынан төрт адам көз жұмды, тағы үш адам түрлі дене жарақатын алған.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның барлық мән-жайлы анықталып жатыр.
Жаңалықтар
0