Тоқаев Таяу Шығыстағы ахуалды жіті қадағалап отыр

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаПрезидент Казахстана Касым-Жомарт Токаев
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2026
Жазылу
Президент ахуалдың ушығуына әкелуі мүмкін іс-қимылдардан бас тартуға шақырды
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы ахуалды жіті қадағалап отыр, деп хабарлады президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.
Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі ІІ Абдаллаға хат жолдап, Қазақстан қазіргідей сын сағатында бауырлас иордан халқына қолдау мен тілектестік білдіретінін жеткізді.
"Президент ахуалдың ушығуына әкелуі мүмкін іс-қимылдардан бас тартуға шақырып, кез келген халықаралық қақтығыс дипломатиялық тәсілдер арқылы шешілуі қажет екенін тағы да атап өтті", - деп жазды Смадияров.
Еске сала кетейік, бұған дейін Тоқаев Қазақстан бауырлас араб мемлекеттеріне мүмкіндігінше көмек көрсетуге дайын екенін айтып, аталған елдердің басшыларымен тұрақты қызметтік қарым-қатынас жалғасады деп үміттенетінін жеткізген болатын.
Сенбі күні АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастады. Тель-Авив өзінің мақсаты Тегеранның ядролық қаруға ие болуына жол бермеу екенін мәлімдеді. Ақ үй басшысы Дональд Трамп өз кезегінде америкалықтарды қорғауға және Иран Ислам Республикасында билікті өзгертуге ниетті екенін мәлімдеді.
Тегеран бұл елдерді негізсіз агрессия жасады деп айыптады. Мемлекеттік БАҚ азаматтық нысандарға зымыран соққылары жасалғанын хабарлады. Иран өз кезегінде Израильге, сондай-ақ Бахрейн, Катар, БАӘ, Кувейт, Сауд Арабиясы және Иорданиядағы АҚШ-тың әскери базаларына соққы жасады.
Резиденция президента Казахстана Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2026
"Көмек көрсетуге дайынбыз": Тоқаев араб елдерінің басшыларына қолдау білдірді
Жаңалықтар
0